Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Елбасы Жолдауы жаңа прогресс

Елбасы Жолдауы жаңа прогресс

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Рухани жаңғыру" орталығы "Тәрбие және білім" бөлімінің меңгерушісі Әлима Әбдіхалықова айтты.
 ӘЛИМА ӘБДІХАЛЫҚОВА "Елбасы кезекті Жолдауын төртінші өнеркәсіптік революция деуінің маңызы зор. Себебі, алғашқы өнеркәсіптік революция 1760-1840 жылдары басталды. Механикаландырылған өндіріс саласы бойынша теміржол құрылысы дамып, бумен жұмыс істейтін двигательдер пайда болды. 2-ші өнеркәсіптік революция - 19 ғасырдың аяғы мен 20-шы ғасыр басында техника мен электр жүйесінің дамуымен басталды. Ол кезде жаппай өндіріс дәуірі болды. Келесі компьтерлік  революция. 1990 жылдары ЭВМ машиналары, компьютерлер, интернет жүйесі қосылды. 4-ші өнеркәсіптік революция ол цифрлық жүйе. 10 жылға жетпей интернет бүкіл дүниежүзіне тарады. Бұл физикалық, цифрлік, биологиялық домендардың синтезі. Тіптен алғанда, цифрлық технология адамның генасындағы ақпаратты оқудан нанотехнологияларға дейін іс-әрекет жасай алатын дәрежеге жетті.
         Прогрестің негізгі көрсеткіші – азаматтық қоғамның, әрбір адамның осы технологиялық жаңалықтарды түсіну, қабылдау, іске асыру болып табылады. Себебі, цифрлық технологияға көшкенде пайда болатын ерекшелік: саяси, экономикалық, әлеуметтік салалардағы өзгерістерді өзіне қарай концентрация жасайтын жаңа қоғам қалыптастырады. Сонымен бірге, жаңа технологиялық қалыпта адами капиталды да жаңғырту керек. Себебі, Елбасының өзі "Біз ұлттық сананы жаңарту үдерісін бастадық", – деді.
10 қаңтар 2018 ж. 1 461 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 58

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930