Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мақтанышым

Мақтанышым

Мақтанышым!
Жалғандық ар алдында тапталды шын.
Тер төккен тау тұлғалы өр елінің,
Мызғымас мығымдығын сақтау үшін.

Көрегенім!
Қазақия салтымен жебер елің,
Жыл өтсе де жылжымас Хантәңірдей,
Мен өзіңді биікке теңер едім.

Асқаралым!
Өзің барда мен кімнен жасқанамын?
Мен бүгін әлем білер Қазақстан!
Мен бүгін әлем сүйер Астанамын!

Ұлт тағдырын,
Ұлықтап ұғынумен өтті әр күнің.
Шарға салған басыңнан бағың таймай,
Сенімсіз сарқылмасын сырттандығың.

Қазақпенен
Жандана бер, жаһанға азат ел ем.
Тағылымды тұлғаңа тамсанамын,
Жарқыраған жүзіңнен ғажап көрем.

Халқың барда,
Суырланып сыпсымас нарқың қолда.
Көсемдікпен көгертіп көсегеңді,
Әз еліңді бастай бер жарқын жолға.

Кемеңгерім!
Қалаймын қайратыңның еленгенін.
Қайсар мінез қазақты ғажап қылып,
«Нұрлы жолмен» нықтай бер, ел ертеңін!

Бақытжан ҚАҺАР
30 қараша 2018 ж. 1 150 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 136

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 131

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930