Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамзат XXI ғасырда жаппай қырып-жою қаруларынан азат әлем құра алады - Елбасы

Адамзат XXI ғасырда жаппай қырып-жою қаруларынан азат әлем құра алады - Елбасы

Адамзат XXI ғасырда жаппай қырып-жою қаруларынан азат әлем құру үшін лайықты жолдан өте алады. Бұл туралы бүгін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: шаралар мен сенім» тақырыбындағы отырысында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әлемдік қоғамдастық ‒ алуан түрлі және көп қырлы сипаты арқылы күшейе түскен біртұтас организм. Ол жер бетіндегі ұлттар мен халықтар арасында теңгерім мен үйлесім болған кезде ғана алға басып, дами алады. Сол себепті, біз құқық үстемдігіне негізделген қауіпсіз әлем мен әділетті әлемдік тәртіпке бірлесе қол жеткізуіміз керек. Бұл істе БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің рөлі зор және оған тарихи миссия жүктелетені де сөзсіз», - деді Елбасы.
Қазақстан Президенті адамзат XXI ғасырда жаппай қырып-жою қаруларынан азат әлем құру үшін лайықты жолдан өте алады деп сенетіндігін баса айтты.
«Ұжымдық іс-қимылдан қуат алған әлемдік қоғамдастықтың сенімі, ерік-жігері мен ақыл-парасаты платенамыздың жаһандық апатқа ұшырауына жол бермейді деп сенемін. Кеңестің барлық мүше мемлекеттеріне берік ынтымақтастығы үшін ришалығымды білдіремін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
www.inform.kz
19 қаңтар 2018 ж. 1 445 0

Таңғаларлық операция

18 мамыр 2025 ж. 60

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

17 мамыр 2025 ж. 86

Ел қорғаны боламын

17 мамыр 2025 ж. 83

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031