Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қызыққа толы саяхат

Қызыққа толы саяхат

Жуырда «Бола­шаққа бағ­­­­дар: ру­хани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақс­танның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында аудандағы мектеп оқушылары Қармақшы жеріндегі Қорқыт Ата кесенесіне саяхат жасады.
Абыз бабамыздың кесенесіне барған балалар онда орналасқан қазақ мифологиясындағы Көк тәңірінің олжасы мен теріс күштерден қорғаушы символы саналатын қошқар мүсінін, көне Рим дәуіріндегі архитектуралық құрылыс үлгісінде салынған амфитеатрды, соққан желмен үндескен қобыз ескерткішін тамашалады.
Мұнымен қоса, олар Қорқыт Ата мемориалдық мұражайындағы құнды жәдігерлермен танысып, бабамыз өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті жайлы қызықты мәліметтер алды.
Сонымен қатар, қатысушыларға аудандық мәдениет бөлімінің театр актерлері “Қорқыт аңызы” көрінісін сахналады.
Аталмыш саяхатты аудандық ішкі саясат, білім бөлімі, «Қазалы ынтымағы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырғанын атап өткен жөн.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
11 қыркүйек 2018 ж. 2 765 0

Үш облыста жол ашылды

15 желтоқсан 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031