Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Көңілге желік берген көрініс

Көңілге желік берген көрініс

Қазалы ауданының тарихы жайлы көп жерде айтылып та, жазылып та келеді. Оның қатпар-қатпар шежіресі туралы талай майталман жазушылар том-том кітап етіп шығарды. Бір қызығы, оқыған бір бөлек те, оны көзбен көрген әр адамға басқаша әсер қалдырады екен. Жуырда әлеуметтік желіде «Қазалылық шаңғышылар – 1939 жыл» деген фотосуретке назарым түсті. «Естімеген елде көп» деуші еді, бірақ, өзіміз өмір сүріп отырған өңір жайлы әлі де білмейтін қызықты дүниелеріміз тіптен көп екен. Фотосуреттің жоғарғы жағында «Участники Стахановско-льжной эстафеть 6-го отделения Ст.Казалинск...» деп жазылыпты. Біршама уақыттан бері Қазалы ауданында қысқы спорт түрлері кенжелеп қалғандықтан ба, сақадай сап түзеген шаңғышылардың бұл тұрысы көңілге ерекше әсер етті.
Ілгеріде Қазалыда хоккей спортының жасақталғанын, ол құраманың әжептәуір жарыстарға қатысып, жүлде алғанын құлағымыз шалып қалатын. Кейінгі жылдары Жалаңтөс баһадүр стадионында қыстың күні мұз айдыны жасалынып, жеткіншектердің айнадай жарқыраған көк мұздың үстінде коньки теуіп жүргенін көріп сүйсінгенбіз. Ал, мына сурет біздің көкейімізге осындай бай тарихы бар өлкеде «неліктен қысқы спорт түрлерін дамытпасқа?» деген заңды сауалды туындатып та отырғаны жасырын емес...
Әсілі, бүгінгі таңда қысқы спорт түрлерінен халықаралық, олимпиадалық ойындарда топ жарып жүрген қазақ спортшылары аз екені мәлім. Талантты жастарға тұнып тұрған біздің ауданда қысқы спорттың кейбір түрлерін дамытса, Маринадай саңлақ спортшылар шыққан жерден қақаған аязда көңілімізді жадыратып, елімізге алтын жүлде салатын жастарды көретін күн алыс емес секілді.
Есет ТАБЫНБАЕВ
30 тамыз 2018 ж. 1 812 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 158

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031