Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Танымал айтыскер ақын Әселхан Қалыбекова дүниеден өтті

Танымал айтыскер ақын Әселхан Қалыбекова дүниеден өтті

Танымал айтыскер ақын Әселхан Қалыбекова дүниеден өтті. Бұл туралы журналист Бейсенкүл Нарымбетова Facebook парақшасында хабарлады.

Әселхан Қалыбекова 1950 жылы 22 сәуірде Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Ол белгілі халық ақыны Ергөбек Құттыбайұлының ұрпағы. 1966 жылы Көксарай елді мекеніндегі М. Әуезов атындағы орта мектебін бітірген. 1970 жылдары аудандық мәдениет бөлімінде, аудандық газет редакциясында қызмет етті. 1971-91 жылдары аралығында аудандық ауа райы мекемесінде бақылаушы қызметін атқарған.

1981 – 1982 жылдары суырып салма айтыс ақындарының додасына қатыса бастады. Әселхан Қалыбекованың айтыс өнеріне қосқан үлгі-өнегесі мол. Ақын апа айтыс әлемінде алып самұрыққа ұқсайтын, қанатымен дауыл тұрғызып, екпінімен найзағай ойнататын, елінің ең сүйікті перзентіне айналған. Республикамызға танымал белгілі ақындардың бәрімен кездесіп, аймақтық, республикалық, халықаралық көптеген дүбірлі айтыстарда намысты қолдан бермеген, от ауызды орақ тілді, арқалы ақын.
05 шілде 2021 ж. 1 041 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 148

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 152

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031