Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тіл мәртебесі – тұтас елдің мәртебесі

Тіл мәртебесі – тұтас елдің мәртебесі

Еліміз тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болғалы-тіл мәселесі белсенді қозғалып келеді. Тілі нашарлаған елдің болашағы қай уақытта да күмәнді. Сол себепті көптеген жұмыстар жасалып, қазақ тілінің деңгейін өсіру жолдары жиі қаралады.
Қазақ жерінің суын ішіп, асын жеп отқан әрбір адам-қазақ тілін біліп, құрметтеуге міндетті. Сонда ғана мемлекеттік тілдің деңгейі күшейіп, үлкен ареналарда көрінеді. Бүгінгі жас ұрпақ ана тілінде еркін сөйлеу үшін-алдыңғы буын дұрыс сөйлеп, таза қалпын жоймай, сақтап қалуы қажет.

Ел алдында үлгі бола жүріп, қазақ тілінің қадіріне жетпей жүрген жандар-тіл білмей тіршілік жасау оңай әрі ғұмыры ұзақтай етіп көрсетеді. Оны көрген өскелең ұрпақтың тілді біліп, еркін сөйлей алуға деген құлшынысы төмендейді. Қаншама ұлт зиялылары бекерден-бекер тіл мәселесі үшін күрескен жоқ, ашық көз, терең білімнің арқасында ұлттың болашағы үшін-тілдің амандығы керек екенін білді.

Бүгінгі күнге маңызын жоймай жеткізген ата-бабаның, ұлы тұлғалардың еңбегін зая кетірмей, қоғам болып тілдің дамуы үшін атсалысу-керекті әрекет. Бір ғана тілдің мәртебесі-тұтас елдің, ұлттың мәртебесі. Қоғам болып жұмыс жасағанда ғана алға жылжимыз. Кешегі қысылтаяң уақыттарда да тіл үшін күрес жүрді жеңілісте, жеңісте жоқ емес. Қазіргі кезеңде билік тарапынан қолдау, нұсқау бар, тек жүзеге асырылуы жақсарса, мәртебе биіктейді. “Ми ойлағанды тіл тындырады” ойлаған ісіміз ілгерілеуі үшін-тілімізді сақтап, тазалығына жиі мән берген абзал.
Ербол Ізтілеуов,
Жалаңтөс батыр ауылдық мәдениет
үйінің директоры
22 маусым 2021 ж. 970 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 87

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930