Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекетік тіл – менің тілім

Мемлекетік тіл – менің тілім

Тіл қай ұлтта болсын қастерлі, қасиетті ұғым. Сондықтан ана тілдің өркендеуі үшін қызмет ету кез келген азаматтың бұлжымас міндеті болуы керек. Қытайдың атақты философы Конфуцийдің тілге қатысты «Егер де маған ел басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды және идеология дұрыс жүргізілмейді. Идеология дұрыс жүргізілмей, ортақ түсіністік таппаған елде бірлік болмайды. Сондықтан бәрінен бұрын адамдар арасындағы бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды» деуі бекер емес.
Тіл байлығы – елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін асыл мұрасындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруы тиіс.
Ана тілі – халық болып жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі, – деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек.
Тіл – ұлттың жаны. Халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып «Мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі дамыған елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз – өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген буын. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, қатесіз жазып, тіл байлығын қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.
Тасқа тілін таңбалаған түркінің заңды мұрагері ретінде танылған зайырлы ел болғандықтан мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейту кемел келешекке бағыт алған буынның болашақ ұрпақ алдындағы ұлы парызы.

Айбек Алиев,
Қазалы ауданы полиция бөлімі бастығының кадр
саясаты жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі

26 желтоқсан 2020 ж. 3 508 0

Ісін сүйген, ұтылмайды

05 сәуір 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930