«Шаш өсіру – біздің отбасымызда қалыптасқан дəстүр»
Әйтеке би кентінде тұратын Алтынбековтер әулетінде қыз баланың шашын өсіру үрдіске айналған. Осы әулеттегі Әсел мен Динараның (суретте) шашы белден төмен түседі. Мектеп жасындағы басқа оқушы қыздары да шаштарын қиюды жөн санамайды.
Мәселен, Динара: «Шашымды 5 сыныптан бері өсіріп келе жатырмын. Қазір 11 сынып оқушысымын. Майсана майымен күтемін. Шашымның бұдан әрі ұзын болғанын қалаймын. Табиғи түсі осындай қара. Бояған жоқпын», – дейді.
Ал, шашын үнемі қос бұрым етіп өріп жүргенді ұнататын Әсел шашына арнайы күтім жасамайды екен. Тіпті, ұзын әрі қалың шашының сусабын таңдамайтыны таң қалдырды. Әсел 5 сыныптан бері шаш қимаған. Бояп та көрмепті.
«Біздің әулеттегі қыздардың бәрінің шашы ұзын. Шаш өсірген өзімізге ұнайды. Жуу, тарауда еш қиындық туындамайды. Бұрымымды қиюды ойламаппын. Керсінше, әлде де өсіре беремін. Шаш – қыздың көркі ғой. Әрбір қыз балаға шашының ұзын болғаны жарасымды. Сондықтан құрбыларымды шаш өсіруге шақырамын», – деп Әсел де ағынан жарылды.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.