«Арықбалық шаһидтерін» ардақтау мәселесі алаңдатады
Құрметті Мұрат Нәлхожаұлы!
Бұл мәселенің мән-мағынасы өзіңізге әбден мағұлым.
Біздің әр қиырда жатқан тарихи деректер негізінде жазылған «Арықбалық ахиреті» мақаламыз аудандық «Қазалы» газетінің 2018 жылдың 17-21 көкегіндегі №29, 30 сандарында, одан кейін республикалық «Түркістан» газетінің сол жылғы 23 тамызындағы №34 санында жарияланып, алдымен аудан, кейін облыс, республика оқырмандарының талқысына түсіп, мақалада айтылған ұсыныстар жұртшылық қолдауына ие болған.
«Жанқожа батыр қорының» төрағасы Нұрсұлтан Мұратбаев 2018 жылы осы мәселе бойынша алдымен өзіңіздің, кейін облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың алдынан өтті. «Мәселе жөнсіз екен» деген пікір естімедік.
Бұл істі шынтуайттап қолға алу жөнінде аудан тарапынан талап бар екендігі құлаққа жағымды тиеді, қаржы да бөлінгендігін естіп, марқайып қалдық. Алайда кейінірек мәселе кідіріс тапты.
Біз осы іркілісті асығыстыққа ұрынбай, істің мәнін ашып, дұрыс дайындықпен кірісу ләзім деген жауапкершілік деп түсініп отырмыз.
Бұл хатты өз атыңызға жазғандағы мақсат екеу. Алдымен осы тақырыпты ұзақ уақыт зерттеп келе жатқан қатардағы ел перзенті есебінде мерзімі әбден пісіп-жетілген, жұртшылық қолдап отырған ұсынысты ел ағасы ретінде азаматтық түсіністікпен қабыл алып, оны жүзеге асыруға кіріскен Сіздің өзіңізге риза көңілді жеткізу. Әруақтар демеп, бұл жауапты шаруа ұрпақтарының қолдауымен абыроймен тиянақталғай. Екіншісі, осы бір парыздың мазмұнды да бәтуалы бітуіне пайдасы тиер-ау деген бір-жар пікірді жеткізу.
Он бір тақырып-тақтадан құралған «Халқының туған бағына батыр баба Жанқожа» атты алғашқы эскиз-жобамен таныстым. Пейіл дұрыс. Жанкешті өмірбаянын шолу арқылы батырдың ел қорғаны ретіндегі тұлғалық бейнесін көрсетуге арналған насихат. Стенд ескерткішке жатпайды. Тек стенд. Құрмет нышаны.
Негізгі орталық бөлікте найзамен батырдың суретінен өзге көз тартып, тағзым етушілерге әсер етерлік ештеңе көрінбейді.
Идеяның мазмұндық жағына келсек... Жоба көркемдік-образдық сүзгіден өтпеген, тым шашыраңқы, қарабайыр, тақта Арықбалық тақырыбынан аулақ, көркемдік мән жоқ, кәдімгі жеңіл-желпі насихаттық мақсаты менмұндалап тұрған тақтайшалардың жиынтығы.«Қазақ даласының көрінісі», «Бала Жанқожа», «Тықы батырмен жекпе-жек», «Батырдың елге қызметі» деген тақырыптар шашыраңқы. Қожанияз бекінісін 1842 жылы алды деген қате мағлұмат. Созақ болса 1841 жылы алынды. Тасқа қашалмауға тиісті өзге де ағаттықтар көзге ұрып тұр. Автор әйтеуір Жанқожа дәріптеле берсе болды деген шектен шыға алмай қалған.
Жобаның уақытша, жеңіл-желпі екендігі бірден көзге ұрады. Кәдімгі күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген материалдардан құрастыра салу жобаланған. Демек ертең-ақ дүркін-дүркін жөнделіп, уақыт өте келе азып-тозып мәнін жоғалтады.
Аталған жобаның көрінген аудан орталығында, мәдениет үйлерінің жандарында, өзіміздің «Жеңіс» саябағында тұрған, әбден жұрттың көзін жалықтырған кәдімгі кеңестік «Құрмет тақтасынан» ешқандай айырмасы жоқ. Анығы, эскиз даталы күндерге арналған уақытша тақта, ашық аспан астында ұзақ тұруға емес, жабық ғимаратқа, мәселен, аудандық музейге не мәдениет үйінің фойесіне лайық.
«Первый блин комом» демекші, әлі комиссияның талқылауынан өтпеген алғашқы нұсқаға бұл ағаттықтар айып та емес. Алда бұл іске жүрдім-бардым қарай алмайтын аптриқатты комиссия тұр.
Бұл нұсқаны «Облыста жаңа ескерткіштерді қорғау, реттеу және тарихи-мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану, сондай-ақ оларды мәртебесінен айыруға міндетті комиссия» мақұлдай қояды деп те есептемеймін.
Жұртқа дабыралатып, қыруар қаржы шығындап, абырой бермейтін бұл нұсқаны қолға алып қажеті жоқ. Халық бұны жүрдім-бардым, қалқитып асығыс құрастыра салынған жай құрылыс («для галочки») деп бағалайтындығы сөзсіз.
Осы жерде аттап өтуге болмайтын әлгі тақталарға байланысты бір маңызды шаруа бар.
Батырдың басынан кешкен тауқыметтері ұшан-теңіз. Олардың барлығы біз жоспарлап отырған бір ескерткішке сыюы мүмкін емес. 1991 аласапыран жылы егемендіктің арқасы, ел азаматтарының бастауы, халықтың шынайы ықыласымен елімізде тұңғыш тұрғызылған кесене мәнді боп бітті. Бүгіндері әулие батырдың мүрдесі жұртымыз тағзым ететін, Қазалыға мазмұн да, көрік те беріп тұрған қасиетті орынға айналды. Енді ес жиып, етек жиналған осы кезеңде құрылысты күтіп, мазмұнын одан әрі байыта түсу ләзім. Ол үшін барлық оқиғалардан іріктеліп алынған мына даталар кесене күмбезінің ішкі бетіне бекітілуі керек. Ұсынылып отырған бұл алты дата шамамен 50х80 см көлемдегі қара мрамор тақтаға қашалып, ішкі қабырғаға ойып бекітілсе кәні. Тақталар хронологиялық ретпен сол жақтан басталады. Сонда Хиуа, Қоқан хандығы, Ресей – үш бірдей алпауыт мемлекеттермен арпалысып өткен қасиетті қара шал – қайран ердің ерен ерлігі өзге жұрт пен жас ұрпаққа тайға таңба басқандай бірден әсер етер еді.
Жанқожа Нұрмұхаммедұлы (1774-1860 жылдар)
«Батыр. Қазақтың ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы»
1841 жыл
«Қоқан хандығының Созақ бекінісін алу»
1842 жыл
«Хиуа хандығының Бабажан бекінісін алу»
1843-1845 жылдар
«Хиуа хандығының Қожанияз бекінісін екі дүркін талқандау»
1847 жыл
«Хиуа хандығының Жаңақала бекінісін талқандау»
1856-1857 жылдар
«Қазақ шаруаларының көтерілісі. Патшалы Ресейдің №1 фортына шабуыл»
«Ескерткіш» дегеніңіз кең мағыналы ұғым, жалпы сөз. Бұл ұғымға төбе атауы, әлдебір белгі, арка, арнаулы күмбезді құрылыс, мұнара, аттылы батыр, шағын мүсін, тақта, тағысын-тағыдай боп кете береді. Бұл тұрғанда Қазақстан ескерткіштерден кенде емес. Мән атында емес, затында, сол ескерткіштердің сапасында.
Көшпелі тақырыптың мәнін тек мемориал ғана толық аша алмақ. «Арықбалық шаһидтері» мемориалы. Шашырамайсыздар, жалғыз-ақ мәнді де мазмұнды түйін – әруақтарға құрмет, ержүрек ата-бабаларға деген ұрпақтарының тағзымы, Қазалының тарихы мен келбетін байыта түсетін сәулетті де елеулі кешен. «Мемориал – архитектурное сооружение, воздвигнутое для увековечения памяти о чем-нибудь» (Д.И.Ушаков, «Большой толковый словарь современного русского языка», 2007, стр. 447).
Әу бастан-ақ мақалада жазылған: «Ескерткіш дегеніміз әлдеқандай оқиға мен идеяның көркем жиынтығы. Ол міндетті түрде алдымен санада пісіп-жетіліп, биік талғамды көркемдік тезден өтуі ләзім. Ол – идеяның бір сәттік қана көрінісі. Тоқайласқан бейне не оқиғаның түйіні. Жиынтық образы. Көрермен сол сәттік бейнелерді шолғаннан-ақ өшпестей әсер алуы тиіс. Бәлкім ол өкініш, ол салтанат, ол ыза, ол қасірет. Бұл ретте азалы қасірет. Не десең де қазақтың басынан өткен ащы тарихтың сабағы. Творчество деп аталатын тылсымның құдіреті де осында. Идеяны образға айналдыра алатындығында». Істің пәтуалылығы мен мазмұны үшін біз осы ұстанымдамыз.
Бұл мемориал әлдеқандай қуаныш не салтанатты емес, қасіретті, халық қасіретін еске салмақ. Еске салуға міндетті. Төгілген қан, талай жетім мен жесірдің көз жасы, қираған шаңырақ, отқа жағылған кереге, уық, қыстың көзі қырауда өз отанынан безіп, босқынға ұшырап, ата жұртынан ауа көшкен қалың ел.
Тәуекелге бел байлап кіріскен екенсіздер, осы оқиғалардың мәні Сіз бен бізден аса жоғары жауапкершілікті талап етеді. Игі мақсатымыз не? Бұл қасірет жас ұрпақтың санасына сіңуі тиіс. Бұлардың бүгінгі бостан мамыражай тіршілігі үшін талай қан төгілген. Ата-бабаларының адал қаны. Жат жерде ғана емес, дәл осы өз ошағында.
Мемориал ең алдымен сезімге, сонан кейін санаға әсер етпегі мақұл. Келушілер шаһидтерге еріксіз құрмет көрсетіп, тағзым етіп, тізе бүгіп Құран бағыштайтындай мәнді де әсерлі болуы ләзім. Мақсат – жалаң насихат емес, сезімге тиіп, онан барып санаға жетерлік көркемдік. Ең бастысы, тарих сабағы, болашақ ұрпаққа аманат.
Мемориал міндетті түрде көркемдік синтез – творчество адамдарының, онда да тәжірибелі мамандар – сәулетші-суретші, дизайнер, құрылысшы – үшеулерінің түсіністікпен біріккен саналарынан өтуі шарт. Бұл талқылауға жатпайтын аксиома. Онсыз ескерткіште ешқандай мән де, мағына да болмақ емес.
Осы бастан мықты қаперде болатын тағы бір жайт – бұл мемориалдың көрермені аудан, облыс, тіпті республика емес, талай жақсы мен жаманға көздері қанық бізге сынай қарайтын өзге де дүйім жұрт, жат жұрт.
Бар құрылыс қолыңыздан өтіп отыр. Бұдан былай Қазалы қаласы бұрынғы Қазалы болып қала алмайтыны анық. Қала бірте-бірте өзінің тарихи мәніне келе жатыр. Ұлы Жібек жолы болса үстімізден өтіп тұр. Жетер жол қалыпқа келсе болды, туристер ертең-ақ тарихи қала Қазалыны бері қойғанда, түрік жұртының қара шаңырағы – Жанкент шаһары бастаған Күйік қала, Бегім ана, Сараман-Қоса, Мыңтөбеге ынтыға ұмтылатындығына күмән жоқ. Осы даңғылмен өтетін кісі қасиетті әруақтарға тәу етпей өте алмайтындығы бастағы бөріктей шындық. Демек мемориал өзінің мазмұнына сай барынша бедерлі де әсерлі болуға тиісті.
Мақсаттың пәтуалы, мәнді де мазмұнды орындалуы үшін әкімдік жанынан арнаулы комиссия құрып, бүкіл республика бойынша баспасөзде ашық конкурс жариялап, түскен жобалардың ең озығын таңдап алғандарыңыз жөн. Сонда ғана ойлаған мақсатқа қол жетпек. Сөйтіп ең алдымен аса маңызды бөлік – мемориалға орнатылмақшы ескерткішке пәтуаласып, мақсаттарыңызды анық көріп отырасыздар.
«Кеңесіп пішкен тон келте болмайды». Бұл әртүрлі ойлар мен ұсыныстарды талап ететін нағыз халықтық шаруа. Асықпай пәтуаласуларыңызды өтінемін. Көп талқысынан өтіп, мақұлданған жоба кейін сөз де бола бермейді.
Конкурс жариялайтын болсаңыздар, сырттағы қатысушылардың тақырыппен анағұрлым тереңірек танысулары үшін бәйге шартына: 1) Жанқожа батыр кесенесінің суретін; 2) «Арықбалық ахиреті» мақаласы мен «Жанқожа Нұрмұхаммедұлы» кітабының 486-492 беттеріндегі құжаттарды енгізіп қойғандарыңыз дұрыс.
Конкурстың жарияланбақшы жобасын ұсынып отырмын (Қоса тіркелді).
Осы бастан-ақ қатты ескерілетін бір ұстаным – ескерткіш мемориалдың негізгі сүйегінің тастан болуын талап ету. Онда да идеяның түпкі мәнін ашатын екі-ақ түс – ақ пен қара, ақ пейіл мен қара ниеттің айқасы. Уақыт өте келе темірді тот басады, шіриді, бояулары түседі, кейінгілердің құрылыстан қолдары кетпейді де шығынын былай қойғанда, реніш туғызады. Қазіргі кірпіштерге кепілдік жоқ, жылдар өте келе үгітіліп біраз еңбек зая кетуі әбден мүмкін. Оның үстіне жұрттың көзі үйренген жай күмбез идеяны ашпайтын тәрізді. Әдетте күмбезді құрылыс тек құрметті ғана білдірмек.
«Құрғақ қасық ауыз жыртады», сіздердің қаперлеріңізде болуы үшін оқиғаның көркемдік идеясын ашады-ау деген жоба түзіп, ұсынып отырмыз. Бұл мемориалдың орталық төріне орналасатын ансамбльдің негізгі нобайы. Қазақтың қара үйінің керегесі іспетті екі қалқан. Керегенің биігі ақ түсті тас, шамамен биіктігі – 7, ені – 4 метр, бұл бұқараның ақ пейілі. Биік болатыны түптің-түбі жеңіске жететін осы ақ кереге. Қарадан үстем. Екінші кереге аласа. Шамамен биіктігі – 5, ені – 3 метр. Бұл түгелдей қара мрамормен қапталады. Қара ниетті дұшпанның символы. Ортада қиратылған кереге, төңкерілген шаңырақ, уық, белінен омырылған бесік. Бұлар – Отан, қазақтың қара шаңырағы. Екі кереге де ортаға шамамен 30 градустай көлбей төніп тұр. Бірі атажұртты қорғамақ, екіншісі оны иемденіп таптамақ.
Мемориалға алып баратын баспалдақ жетеу. Қазақта жеті қасиетті сан. Бұл көтерілісшілердің пейілі. Баспалдақ ақ түспен басталып, ақ пен қара кезектесіп, ақ түспен аяқталады.
Баспалдақтан көтерілетін кісінің алдынан атылғалы тұрған мыс жолбарыс шығады. Жолбарыс – басым жауға қарсы шыққан көтерілісшілердің жүректері. Отанды қорғау. Оның жалғыз болатын бір себебі – Жанқожа жалғыздық тауқыметін барынша тартқан батыр. Дұшпандары шашынан да көп. Оның үстіне қарт батыр жалғыз үйде отырғанда сатқындықпен өлтірілген.
Тек мемориалдың өзі ғана емес, абаттандырылатын аумақтағы нысандардың барлығына – қоршауға дейін – түгел дерлік ақ пен қара түстер ғана пайдаланылады. Өзге түстердің барлығы мемориалдың мазмұны мен мағынасын бұзады, берекесін кетіреді.
Конкурс жарияланатын болса, бұл жоба-нобай мамандар тартылып, әлі де нақтыланып,бүге-шігесіне дейін есептеліп ұсынылмақ. Көлемі, сәулеті, оған жұмсалатын материалдар түгелдей шотталып, комиссияның ұсыныстарымен әлі қағазға түспеген өзге нысандар нақтыланатын да болады.
Комиссияның ұсыныс, пікірлері міндетті түрде ескеріледі.
Біздің пайымдауымызша, комиссияның бірінші басын ашып алатын аса мәнді шаруа, ең алдымен, мемориалдың жұртқа керек негізгі орталық ұстыны, пішімі, көркемдік идеялық мәні, оның сүйегі, көлемі. Содан кейін барып аумақтың абаттандырылуы. Бұларға жұмсалатын шығын мөлшері жоба түгел анықталып барып бөлінетін болар.
Бар күш, бар шығын мемориалдың мән-мағынасы мен мазмұнын ашатын негізіне жұмсалып, алдымен осы шаруаны бөлек тиянақтап алғандарыңыз жөн тәрізді.
Қанық емеспін, финансистердің бөлінген қаржы қалайда пәлен ай, пәлен күні игерілуі тиіс деген талаптары бар көрінеді. Бұл қасаң талап творчествоға байланған біздің шаруаға мүлде жүрмейді. Әу бастан ескерілуі тиіс, мұндай талап іске кесір. Қазақша айтар болсақ, «асыққан шайтанның ісі».
Біреуге керегі – атақ, енді біреуінің көкейінде қаржы, біз әлі де «қалайда пәлен кезде бітіріп тастауымыз керек» деп, тәп-тәуір істің мәнін кетіретін шалағай науқаншылықтан арыла алмай жүрміз. Дабыралатып той жасап, ұрандатқан талай «ұлағатты сөздер» желге ұшып, «балшықтан», цементтен, темірден алапайда солапай құрастырылған не соғылған «ескерткіштердің» той тарқар-тарқамастан олпы-солпысы шығып, әу бастағы мән-мағынасынан жұрдай боп қалатындығын көріп жүрсіз. Бұл мемориал науқандық шаруа емес, асығыстық пен алғау пейілді көтермейтін аруақтардан да, халықтан да сұрауы бар аса жауапты іс.
Бұл түптің-түбі Қазалы халқы тұрар болса, аяқсыз қалмай бүгін болмаса ертең орындалатын маңызды елдік шаруа. Алайда бастап қалған екенсіз, абырой өзіңізде қалғаны жөн.
Тарихтың тегіршегі дөңгелене келе аруақтар алдындағы бұл аса қасиетті істің жауапкершілігі де, абыройы да сізге бұйырып тұр, Мұрат Нәлхожаұлы!
Бұл арыз не шағым емес, іске жанашыр жерлесіңіздің жеке ұсыныс пікірі. Сіздерге үкім жүргізерлік ресми қызметте емеспін. Құлақ асу, аспау өздеріңіздің еріктеріңізде. Әйтеуір біреу ғой дей салмай, аудан абыройы үшін өте маңызды бұл шаруаның бұдан былайғы бағыт-бағдары жайлы хабардар болғаным жөн.
Іске сәт! Баршамызға абырой бергей!

Молдахмет ҚАНАЗ,
жазушы, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты,
«Құрмет» орденінің иегері