Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ауыл өмірі айшықталды

Ауыл өмірі айшықталды

Төртінші маусым күні «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Сауал Қазалы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Таныс болыңыз, бұл – менің ауылым!» атты қала, кент және ауылдық округтердің қатысуымен онлайн бейне байқау өтетіні хабарланған болатын.
Белгіленген ереже бойынша қала, кент пен ауылдық округтердің жастар ісі жөніндегі сала мамандары қатысуы қажет. Бейнероликтің уақыты үш минут болуы шарт. Қатысушының басты міндеті – көрерменді ауылдың тарихымен таныстырып, сол ауылға саяхат жасауы тиіс. Сонымен қатар роликтің сапасы мен қатысушының сөз саптауына да аса мән беріліп, арнайы құрылған комиссия мүшелері қазылық жасайтыны да ескертілген-ді. Аталған байқау жоғары дәрежеде өтті деп ауыз толтырып айтуға болады. Өйткені әрбір қатысушының дайындаған бейнеролигін тұрғындар әлеуметтік желіден тамашалап, жақсы таныс болып, оң бағасын беріп отырды.
Осылайша онлайн бейне байқау мәресіне жетті. Нәтижесінде Ғ.Мұратбаев ауылдық округі дайындаған ролик талғам биігінен көрініп, бірінші орынды қанжығасына байлады. Ал екінші орынды құмды ауыл, яғни Шәкен ауылдық округінің қатысушысы еншіледі. Қазылар алқасының шешімі бойынша екі үшінші орын тағайындалды. Оны Сарбұлақ пен Қызылқұм ауылдық округтері теңдей бөліп алды. Ынталандыру сыйлығы Арықбалық пен Өркендеу ауылдық окургтеріне бұйырды. Айта кетейік, байқауға он қатысушы қатысты.
Бұған дейін де «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен түрлі онлайн шаралар өткен болатын. «Таныс болыңыз, бұл – менің ауылым!» байқауы басқалармен салыстырғанда ерекше өтті. Өйткені үш минутқа сыйған ролик арқылы ауылдардың тыныс-тіршілігі, тарихымен айшықталды. Алдағы уақытта осы сынды байқаулар жалғасын табады деген сенімдеміз.
А.БАҚЫТҰЛЫ
13 маусым 2020 ж. 1 742 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930