Ынтымақты елдің ырзығы мол
Қазақ халқының тарихына үңілсек, заманның бай-бағландары Құдайдың берген несібесін қара басының қамына шашпай, туған-туысына, көрші-көлеміне қарасып, көмектесіп отырғанын байқаймыз. Бұл бұйырған бақты, қуанышты бөліссең көбейеді деген тәмсілді жақсы ұстанған атажұрттың абыройлы әдеті. Кейіннен отаршыл елдер ауқатты адамдарды халыққа тартымсыз етіп көрсетіп, сол арқылы байларды тонап, қазандарын қазынаға толтырды. Бұрын бұл тақырып газет бетінде қозғалса да, қазіргі жағдайды негізге алып, мәселені тағы бір тарқата кеткенді жөн көріп отырмыз. Бай адам елдің құты.
Шындығына келгенде байлық адам бойындағы қасиетті танытады. Сол себепті қазақта елдің құтына айналған, жан-жағына қарасқан байды ерекше құрметтеген. Бұл жайында ел арасында мынадай бір аңыз бар. Ертеде ғалым, шахид, жомарт үшеуі «жұмаққа кім бірінші кіреді» деп дауласады. Ғалым “біз үшін жанын пида еткен шахид бірінші кірсін” дейді. Ал шахид болса ғұмырын ілім-білімге арнағана ғалымның жұмақтық болғанын қалаған екен. Сонда ғалым: “Жоқ, жомарт кірсін. Өйткені мен ғылым іздеп, сапарға кеткенімде 20 жыл бойы бала-шағамды бағып-қаққан жомарт еді”, – дейді. Бұдан осы кезге дейін қазақ жұртының тарих сахнасынан жойылып кетпеуіне ауқатты ағайынның мырзалығы себеп болды деген тұжырым жасауға болады. Қиын сәтте қарамағындағы жұмысшылар мен қара халыққа қараса білген байлар «құтпан» деген де атақ алған. Олар табысының он процентін жылына бір рет таратып, халықты жарылқаған. Қаймана қазақтың алғысын алған.
Филология ғылымдарының докторы, ғалым Дандай Ысқақ байлардың дүние-мүлкін тәркілеп, жер аударған Кеңес үкіметін ерекше сынға алған. Бұдан сол тұстағы биліктің ұтпағанын, керісінше кері әсерін тигізгенін айтады.
– Қазақ даласындағы ашаршылық осыдан басталды. Бір үйде бес қой мен бір сиыр немесе бір жылқыдан басқа ештеңе қалдырмай алып кеткенмен, үкімет оған да ие бола алмады. Өйткені қазақтың жағдайынан бейхабар болатын. Байлардың жиған-терген малының арқасында бір елді асырап отырғанын білмеді. “Байлықтың бір жұттық” екенін олар жақсы білген. Өйткені күйленудің жолын білген ақылды адамдар ғана байлыққа ие болған.
Байлардың күнде қазан-қазан қылып асқан тамағынан барлық ауыл адамдары ішетін дейді менің шешем. Одан өзге руластарының қалыңмалын төлеп, қыз әперіп, жер дауы мен жесір дауын да шешіп отырған. Туындаған дауды уақытында шеше алмау байларға үлкен сын болған. Ал байдың малын баққан кедей еңбекақысын алып, қыстық соғымы мен жаздық ас-қатығын айырып отырған. Ал кеңес өкіметі сол қалыптасқан тепе-теңдікті бұзды. Аяғында халық ашаршылыққа ұшырап, тамақ іздеп, қаңғырып кетті.
Жалпы кәмпескелеуді кеңес үкіметі 1926 жылы бастады. Алдымен 1926 жылы Ресейде, 1928 жылдары Украинада, 1929 жылы Орта Азияда жүргізді. Сол кезде Қазақстаннан 1000 байды жер аударып жіберген. Солардың ұрпақтарын мен Забайкальеде көрдім. Олар Моңғолиямен шекаралас Красный Великан деген бір ауылда тұрады екен. Жер аударылып барған соң қалып қалған. Тіпті Қазақстанның егемендік алғаны туралы естімеген. Өйткені арада ешқандай байланыс жоқ, – дейді ғалым.
Осы тұста ел басына күн туғанда малын алдына салып, шекара асқандарды сынаушылар көп екенін айтқан жөн. Бірақ олардың өз еріктерімен емес, отаршыл үкіметтің мәжбүрлеуімен кеткенін ескере бермейміз. Күштеп жер аударылған жұрттың біразы қазіргі таңда елге оралып жатыр. Көпшілігі аяқтарына нық тұрып, елдің дамуына өз үлестерін қосуда.
Жоғарыда сөз еткен байлардың қазіргі аты – кәсіпкер. Төртеуді түгелдей білген бүгінгі қазақ билігі кәсіпкерліктің етек жаюуына, былайша айқанда ертеректегі қолы ашық, көпшіл заманауи бай-бағландардың қатарын көбейтуге жол ашты. Бүгінде бұндай жандардың қатары елімізде мыңдап саналады. Соның арқасында соңғы жылдары көпбалалы, тұрмыс жағдайлары нашар адамдарға солардың көмектесіп жүргенін көп естиміз. Бұл ел идеологиясы байырғы құнды қалпына қайта түсіп келеді деген сөз.
Әлемді әбірге салған осы сәттің өзінде ұлтының амандығы, қиындықты оңай еңсеруге қолда бар дүниесін беріп, белсенділік танытқан азаматтар да жетерлік. Ең алғаш індет жұқтырған адам анықталғанда бес жұлдызды қонақ үйін госпиталь ретінде пайдалануға бөлген елордалық кәсіпкерді қалай қазақ ұлтының қаймағы деп атамайсың? Бұдан бөлек жиған дүниесінен 100 миллиондап үкіметке көмек көрсетіп, жанашырлық танытқан жігіттердің жомарттығын жұрт әлі ұмыта қойған жоқ. Әлі де болса көптеп таралған ауруды жеңу үшін көмегін аямаған жандардың қатары сейілер емес. Мұндай кәсіпкер жұрт Қазалы ауданында да жетіп артылады.
Ұлт басына күн туған уақытта көппен бірге болудың орнына, халықтың арқасында жұмысын жүргізген кәсіпкерлерді сынап, қайырымдылық жасау – міндеті деп санайтын отандастардың бары да өкінішті. Дәл осы сәтте біреу екіншісіне жеке мүлкін таратып беруге пәрмен бере алмайды. Бұндай бұйрық азаматтың жан дүниесіндегі ар-ожданы тарапынан ғана келуі мүмкін. Кәсіпкердің жиған қаржысы халық арқылы түскені рас. Бірақ оны садақа ретінде бермегенін мойындауымыз керек. Ол ақша берушіге кезінде қызметін көрсетіп, тауарын сатты. Солай бола тұра өз рақаты үшін төленген өтемді қайтаруын талап ету – ақылға қонымсыз. Сондықтан осынау қиын сәтте қол ұшын созған азаматтардың жақсылығын түсініп, басқаларға да үлгі болуына септесуден басқа талаптың бәрі артық болмақ.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ