Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жылқы мінсең, жайдақ мін

Жылқы мінсең, жайдақ мін

Қазақ халқы үшін жылқы малынан асқан сұлу жануар жоқ. Өйткені ол ерте заманда діттеген жеріне жеткізетін көлігі, адасқанда жол көрсетуші болды. Қазіргі таңда жылқы еті мен сүтінің адам ағзасына пайдасы мен сан ауруға шипалылық қасиетін ғалымдар дәлелдеп берді. Ежелгі грек дәрігері Гиппократтың өзі жылқыға жиі міну теріс ойдан арылтып, көтеріңкі көңіл сыйлайтынын айтқан. Бұдан бөлек иппотерапия адам жанына батқан психологиялық, физикалық көптеген аурудың таптырмас еміне айналып отыр.
Қамбар ата төлінің шипасы жайында ерте заманнан айтылып келеді. Әлемге танымал емші Антила ат арқасына міну бүкіл ішкі құрылысты нығайтатынын дәлелдеген. Ал Цельсий ішек-асқазан жолдарында пайда болатын қиындықты да осы әдіспен еңсеруге кеңес берді. Сонымен қатар дамыған дәуірдің дәрігерлері атпен көп серуендеу асқазан ауруларына, қан айналым жүйесіне, жүйке мен тыныс алу жолдарын қалыпқа келтіретінін анықтаған.
Бұлай емделгісі келген адамға әртүрлі әсер етуі мүмкін. Ол жолдың жағдайына байланысты. Мәселен, тегіс алаңқайда жануардың жедел шабуына мүмкіндік болады. Жай жүріс кезінде адам денесінің аздаған бөлігі ғана қозғалыста болатындықтан, жан-жақты пайда алу үшін жылқыны жорғалатқан немесе жүгенді бос жіберіп, желмен жарыса құйғытқан дұрыс. Сонда ғана тепе-теңдікті сақтау үшін тырмысқан адамның бұлшық етінің барлық бөлігі қозғалысқа түседі. Спорттың кез келген жастағы жанға оң әсер беретіні де сондықтан. Жылқыға бірнеше мәрте мінген науқастың ақырындап бұлшық еттерінің аурсынғаны басыла түссе емдеу оң нәтиже бергені. Сол себепті күнделікті тіршілікте аз қозғалыс жасайтындарға бұл таптырмас терапия.
Қазіргі таңда елде ортапедиялық ауруға шалдыққан науқас көптеп кездеседі. Сол сияқты қайғылы жағдайларға байланысты мүгедек болып қалған немесе аяқ-қол жұмысы нашарлаған жандар да баршылық. Олардың қалыпты өмірге оралуына жиі атқа міну көмектесе алады. Бұдан бөлек жылқы жануары қозғалыс кординациясын жоғалтуды, жұлын жұмысын, ас қорыту жүйесін, жүрек және ішек ауруларынан айығуға мүмкіндік береді. Мүгедектікке ұшырағандардың жүйке талшықтарын қалпына келтіруде де бұдан асқан ем жоқ. Ғалымдар ақыл-еске байланысы бар аутизм, шизофренияның кейбір түрлеріне, дауна синдромына, есте сақтау қабілетінің нашарлауы мен олигофренияға шалдыққандарға да атқа мінуге кеңес береді.
Шабандоздың жүрегі минутына 170 жылдамдығымен соғып, қан айналымы 5-10 есеге артады. Бірақ сонымен бірге жүректің бұлшықетінде ешқандай теріс өзгерістер болмайды, сондықтан атпен жүру жаттығуларға да, аэробикаға да, рұқсат етілмеген гипертониялық науқастар үшін де қолайлы. Жануардың тері жылулығы да адам денсаулығын жақсартуға қабілетті. Өйткені жылқының дене қызуы өзіне жанасқанның денесіне емдік жылу бөле алады. Бұл қан айналымын жақсартып, созылмалы гинекологиялық кеселдердің бетін қайтарады. Сонымен қатар ұзақ жылдар бойы ат үстінде жүрген кісілер бұның еркектік қасиетке қосымша күш беретінін айтып жүр. Ғалымдар простатитке шалдыққандарға атқа мінуге кеңес береді. Бұл аз десеңіз, семіздікке ұшырағандар да үздіксіз қозғалыс әсерінен арықтауға мүмкіндік алады.
Әлемнің 50-ге жуық елі иппотерапия емін қолданады. Францияда сарбаздарды сауықтыру мақсатында ашылған иппотерапия орталығы бар екен. АҚШ-та «Pet Therapy International» деген халықаралық ұйым жұмыс істейді. Ат арқасына алғаш мінгендердің ұрпағы ретінде біздің елде де түрлі ипподромдар мен сауықтыру кешендері ашылған. Облыс орталығы Қызылорда қаласында заманға зай атпен шабу алаңқайы барын білеміз. Ал Қазалы ауданында ара-тұра ат жарыс ұйымдастырылып, “Көктөбеде” көкпар ойнатылып тұрады. Бірақ әуесқой шабандоздарға арналған алаң жоқ. Бұл мәселе өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына үйрету, халық медицинасын дамыту мақсатында жақын келешекте шешіледі деген үміт бар.
Сартай БАЙЖАН
17 наурыз 2020 ж. 6 371 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 52

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930