Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қайтарылмайтын билеттерді алып тастап, айыппұлдарды күшейтпек

Қазақстанда қайтарылмайтын билеттерді алып тастап, айыппұлдарды күшейтпек

Фото: Depositphotos.com
Қазақстанда қайтарылмайтын әуебилеттерден бас тарту және тасымалдаушыларға қызмет сапасы үшін салынатын айыппұлдарды ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қазір Мәжілісте қаралып жатқан тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға енгізілетін жаңа түзетулер әуе және теміржол билеттерінің бағасын бақылауды қалай реттейтінін түсіндірді.

"Бұрын авиация саласын, тіпті шағымдарға байланысты да, тексеруге тыйым салынған еді. Лоббистер соны өткізіп жіберген. Біз бұл бақылауды қайтарып алып, оны Азаматтық авиация комитетіне бердік. Енді заң қабылданғанын күтеміз, содан кейін талаптарды күшейтіп, тексерулер жүргіземіз. Қайтарылмайтын билеттерді мүлдем алып тастадық. Бұрын авиакомпаниялар билет құнының 30%-ын өздеріне қалдыратын, енді бұл көрсеткішті 10%-ға дейін төмендеттік. Бақылау әлдеқайда қатаң болады, әрі қарай да айыппұлдарға байланысты жұмыс істейміз. Авиатасымалдаушылар сапасыз немесе уақытында көрсетілмеген қызметтер үшін тиісті айыппұл төлеуі керек", – деді Мұрат Әбенов.
Мұрат Әбеновтің айтуынша, Қазақстанда лоукостер билеттерінің бағасы өте жоғары.
"Мысалы, Қызылордаға қарапайым рейстер жоқ, тек лоукостер ұшады. Бірақ оның бағасы – шамамен 40 мың теңге. Еуропада бұл шамамен 10-12 мың теңге тұрады. Яғни бізді алдап отыр деген сөз. Біз енді заңды қабылдап алайық, содан кейін жұмысты жалғастырамыз. Мысалы, Құрылыс кодексін қабылдадық, бірақ бұл ол бойынша жұмыс тоқтайды дегенді білдірмейді. Бақытжан Базарбекпен кодекс қабылданған бойда салынып қойған нысандарды тексеруді бастауға келіскенбіз", – деді депутат.
Сонымен қатар ол Кәсіпкерлік кодексіне қарсы екенін атап өтті.
"Ондай құжат болмауы керек. Біздің кәсіпкерлерді элитаға айналдырды – оларды тексеруге болмайды, шектеу қоюға болмайды, оларға талап та қоя алмайсың, сотқа да бере алмайсың", – деп түйіндеді Мұрат Әбенов.
Бұған дейін мәжілісмен Марат Башимов Кәсіпкерлік кодексті жоюды ұсынған еді. Ал қазақстандық сарапшылар жақын уақытта әуе билеттерінің 7%-ға қымбаттауы мүмкін екенін болжап отыр.
Еске салайық, қазақстандық әйел қайтарылмайтын әуе билетінің құнын толық өндіріп алғанын жазған едік. Қазақстандық әйел қайтарылмайтын авиабилеттің толық ақшасын қайтарып алды. Себебі билет сатушысы жолдағы техникалық аялдама туралы алдын ала ескертпеген. Көкшетау қаласының тұрғыны онлайн билет сату сервисі арқылы Германияға ұшатын рейске 319 398 теңгеге билет сатып алған. Менеджермен жазысу барысында ол рейсте техникалық түрде Алматыға тоқтайтынын анықтаған.
08 желтоқсан 2025 ж. 63 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 124

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031