Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Байлаулы киіктің зары

Байлаулы киіктің зары

Қорқыт жер бетіндегі жан-жануарлардың барлығының тілін біледі екен. Бір күні Желмаясымен келе жатса, бір киіктің маңыраған даусы құлағына шалынады.

Ол: «Қос лағым жетім қалады-ау, шөпке ауызданбаған сорлылардың күні не болмақ? Тым болмаса, соңғы рет емізіп, иіскеп, мауқымды басып та қала алмадым», — деп зарлайды. Қорқыт жан-жағына бағдарлап қараса, бел астында тігулі тұрған қараша үйді көреді. Киік сол үйдің алдында көгендеулі тұр екен.

Киікке жаны ашыған Қорқыт үй иесіне: «Мына жазықсыз жануарды жібер, өз бетімен тамақ тауып жеуге ауызданбаған егіз лағы бар екен, обалына қалма», — дейді. Қорқыттың бұл сөзіне құлақ аспайды.

— Онда мен киікті босатқаның үшін ақысын төлейін, — десе, үй иесі:

— Жоқ, мен мұның сүтін сауып ішіп отырмын, кешке сойып жеймін, — деп оған да көнбейді. Басқа амалы қалмаған Қорқыт:

— Болмаса киіктің орнына мені кепілдікке ал, оны босат. Лақтарын тауып алып, емізгеннен кейін қайтып келеді. Егер сол кеткеннен оралмаса, менің Желмаямды сойып же, — дейді.

Үй иесі киікті босатып жібереді. Киік байлаудан босана салысымен, тау-тасты кезіп жүріп лақтарын тауып алады. Оларды емізгеннен кейін, қас қарая қайтып келеді. Осы оқиғадан кейін Қорқыттың «Байлаулы киіктің зары» күйі дүниеге келген екен. Бұл шығармасында күйші қаталдық пен мейірімділік, жауыздық пен қайырымдылық жайында толғанады.
bilim-all.kz
05 желтоқсан 2019 ж. 1 353 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930