Сиқырлы тастың қасиеті қандай?
Магниттің тартылыс күшін білмейтін жан жоқ шығар, сірә. Сол ғажап тасты ең алғаш Кіші Азиядағы Магнес атты қойшы Ида тауынан тауып алған. Ойламаған жерден оның таяғының темір ұшы қатты затқа тиіп, өзіне тарта түскен.
Минералдың таң қаларлық қасиеті сонау антикалық дәуірден бері белгілі. Көне Грекияда оны "Алып тас" деп атаған. Платонның сөзімен айтқанда, "тек темір заттарды өзіне тартатын қабілеті ғана емес, сонымен бірге өз күшімен олардың бір-біріне тартылуына да ықпал етеді". Әңгіме магниттеу туралы болуда, бірақ ол тұста мұндай метаморфоз нағыз таңғажайып болып табылатын. Оның үстіне бұл көріксіз тастың қаншалықты пайдалы екендігі тез арада белгілі болды.
Клеопатра және көптеген атақты египеттік ханымдар магниттен жасалған әшекейлерді тағатын, себебі оның ұзақ жылдар бойы сұлулық пен жастықты сақтауға көмектесетініне сенімді еді.
Көптеген елдерде магнитті "қорғайтын тас" деп атайды. Оның өз иесін таза емес күштерден қорғайтын қасиеті бар. Яғни, бүкіл жамандықты тартып алып, ұстап тұрады. Аңыздарда айтылғандай, Ұлы Александр жорыққа шыққанда жауынгерлерін магнит түйірімен қамтамасыз етіп отырыпты. Жаман рухтардан, жаудың оғынан, басқа да жамандықтардан аулақ болу үшін магнитті пайдалануды әдетке айналдырыпты.
Қазіргі замандастарымыздың көзімен қарағанда, магниттің сиқырлы қасиетіне сену қиын. Сонда да әлемнің дуагерлері магнитті бекер жақсы көрмейтін тәрізді. Тұмар ретінде, әрі дуалау барысында магниттің қуаты күшті екендігін олар ашық мойындайды. Табиғи магниттің көмегімен сәттілікті, махаббат пен байлықты тартуға болады, тілектің орындалуын тездетуге септігі бар, некені берік етуге, тіл-көзден сақтануға болады.
Магниттің магиялық қасиетіне скептиктер сенбеуі мүмкін, бірақ оның емдік күшіне ешкім шек келтірмейді. Магниттің емдік қасиеті ғылыми түрде дәлелденіп, ғасырлар бойы сан тексеруден өткен. Медицинада магнитті қолдану туралы Аристотельдің өзі айтқан. Диоскорид оны күйзелісті (депрессияны) емдеуде қолдануға ұсынған. Дәрігер әрі философ Авиценна магниттің көмегімен уды шығаруға болатындығын байқаған. Атақты ортағасырлық емші, алхимик және маг Парацельс магнитті науқастың денесіне таңып, оның ауруды өзіне тартып алатындығына сенімді болған. Кейде мұндай терапия таң қаларлық нәтиже көрсеткен, тіпті үміті үзілген науқастардың өзі ауруынан айығып кеткен.
ХХ ғасырда дәстүрлі медицина магнитпен емдеу ісін айлакер емшілердің жұмысына балады. Тек соңғы уақытта магниттік терапия оңалып келеді. Ғалымдар дәлелдегендей, магниттің ауырсынуды қойғызатын қасиеті бар, жүрек қан-тамырлары жүйесінің жұмысын ретке келтіреді, невроз, артрит, буынның шығуы, остеохондроз, бұлшық еттің құрысуы, күйзеліс пен ұйқысыздықты емдеуге көмектеседі. Сүйекті қалпына келтіру мен трофикалық жараның жазылуына ықпал етеді, күш-қуатты көтеріп, иммунитетті нығайтады. Әрине, бұл жалған дәрі саналатын панацея емес. Сонда да дәлелденген дүние: бүгінде магниттік терапия барған сайын бел алып барады, ал Клеопатраға ұқсас қазіргі заманның ханымдары магниттен жасалған әшекейлерді ықыласпен тағуда. Сонда бұл не? Адамзаттың балалық шаққа қайта оралғаны ма, әлде мұны "магниттік сән" деп түсінеміз бе?
Осыған байланысты толып жатқан теориялар бар. Соның бірі Жердің магниттік алаңы жыл сайын әлсіреуде, демек, онымен бірге біз де әлсіреудеміз дейді. Оның үстіне адам табиғи магниттік алаңнан асфальт пен бетон арқылы тым алшақта өмір сүруде. Нәтижесінде иммунитетке зияны тиюде. Ендеше, магнитпен емделу табиғи тепе-теңдікті қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл мағлұматтың нақты дәлелі әзірге жоқ, сондай-ақ теріске шығаратын да хабарды естімедік. Бірақ қалай болғанда да тарихи тәжірибе көрсеткендей, кездейсоқтық деген болмайды, тіпті кезекті сән қуушылық деп қарағанның өзінде магнит туралы әңгіме бекер емес.
Егер шағын магнитті қызыл түсті, бір жағы түкті жұмсақ мақта матадан жасалған қапшыққа салып, өзіңізбен үнемі бірге алып жүрсеңіз, жұбайыңыздың көзіңізге шөп салмайтынына сенімді боласыз. Ал өз теңін тапқысы келетіндер қызыл түсті, бір жағы түкті жұмсақ мақта матадан жасалған қапшыққа екі магнитті салып, өзімен бірге үнемі алып жүруі керек. егер өзара тартымдылықты күшейтіп, кездесуді тездеткіңіз келсе, ақбас жусан (тысячелистник), лаванда және раушан гүлінің жапырақшасы көмектеседі.
Бизнесте сәттілік пен ақшаны өзіңізге тарту үшін табиғи магнитті жасыл қобдишаға салып, жұмыс үстеліңіздің үстіне қойыңыз. маңызды кездесулер мен келіссөздер жүргізу кезінде магнитті жасыл бархыт қапшыққа салып өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
Магнит ұнтағы үйге бақыт пен амандық алып келеді. Сол себепті ұнтақты табалдырыққа, бөлмелердің бұрышына сеуіп қоюға болады.
Бас сақинасынан құтылу үшін магнитті басқа таңып, оның темірді өзіне тартатыны сияқты, ауруды да өзіне алып кететіні туралы ойлаңыз.
Алайда мамандар магнитті үнемі қолдану қауіпті екендігін ескертеді. Әрі емдеу де дәрігердің қатаң бақылауында болуы тиіс.
bugin.kz