Жанар Айжанова 15 жыл құпия ұстаған сұлулық сырымен бөлісті
Жанар Айжанова өзінің инстаграмдағы парақшасында көп жыл бойы құпия ұстаған сұлулық сырымен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әншінің бетіне күтім жасау тәсілі өзге жұлдыздардан ерекше. Ол косметикалық құралдардың орнына бет терісін сүлікпен емдеуді жөн көреді.
"Кәріліктен ешкім де қашып құтылмайды ғой. Десе де әдемі қартайғанды кім жақсы көрмейді дейсің?! Өз басым бетке хирургиялық жолмен ота жасағанға қарсымын. Осындай табиғи жолмен күтiм жасағаныма 15 жылдай болды. Өкпем жоқ, тыртық та қалмайды. Пайдасы өте көп. Өле жегенше, бөле жейiк деп қыздармен бөлiсiп жатқаным ғой”, – деп әнші көптен бері жасырған сұлулық сырымен бөлісті.
Желі қолданушылары әншіге алғыс айтып, кейбіреуі сүлік туралы қосымша сұрақ қойып жатты. Сүлік бет терісін тазартып қана қоймай, қан тамырларының склероздық үдерісін азайтатын көрінеді.
Естеріңізге сала кетсек, Жанар Айжанова қызы әкесінің суретін көрсеткені туралы жазған болатынбыз.