Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тас түскен қазан (этнографиялық этюд)

Тас түскен қазан (этнографиялық этюд)

"Сөз сөзден туады, сөйлемесе неден туады?" Бабаларымыз осылай деп дөп басыпты. 
Мына айтпағымыз да, сол сөйлегеннен туындаған дүние. 
Бала кезімізде: "Апыр-ау, ана шəйнекке тас түсіп кетті ме?" —- деген сөзді, кілең Атамыз айтатын. 
Жуырда, үйіне бара қалсам, өз шаруасына асыққанын білдіргісі
келген бауырым: " Əй,
қазаныңа тас салып
жібердің бе?" —- деп, түк
жазығы жоқ келінді
қарадай, қыжыртып
отыр.
Əрине, бұл сөзді бұған дейін де, талай қазақтың аузынан, сан мəрте естігенбіз.
Інімнің айтқаны, соның бəрін жаңғырту ғана болды.
Содан, мишығымыздың бір түкпірінен, "Қазаныңа тас түсті ме, сөзі қайдан шыққан?" —- деген сауал бас көтеріп, маза бермей қойғаны. 
Дереу індете іздей бастадық. 
Əуелі жүгінетініміз, əлеуметтік желі ғой. Ақтарып көрсек, "Сүт тасып кетпеу үшін, қазан бетіне ағаш қасық қойып қойыңыз, бірақ, қасығыңыз тез істен шығады" немесе "Қазан тасымасын десеңіз, ыдыстың сыртын майлап тастаңыз" деген сақауланған "жауаптан" өзге, жарытымды ештеңе таппадық. 
"Қазанға тас салу" дегеннің сорабымен, осы күні ұмыт бола бастаған "тасқорықты" да төңіректеп көргенбіз. Оның да қисыны жоқ тəрізді. 
Өйткені, ол малта тасты отқа əбден қыздырып алып, ыдыстағы сүтке салып қайнату, сүтті тез пісіру.
Соны бабаларымыз "қорық" немесе "тасқорық" деп атаған.
Ал бұл жерде, қайнамау, қайнатпау айтылып тұр ғой.
Ақыры, алыстан іздеген жоғымыз, жақыннан табылды. 
Бірде, шəй іше отырып: "Осы, қазаныңа тас түсті ме?" —- дегенді не үшін айтады?" — деп, Анамнан сұрап қалып едім, ол кісі оп-оңай айта салды.
Сөйтсек, бабаларымыз ыдыстағы сүтті қайнату үшін де, қайнатпау үшін де тасты қолданыпты ғой. 
Апам айтады: "Баяғы Əжелеріміздің көргенінің бəрі бейнет қой. Ол кезде, жер ошақтың басында, алынбастай қылып, орнататын жалғыз қазан тұрады. Ет те сонда, сүт те сонда піседі. Суды да əлгі қазанға қайнатады. Қазақ қатынының көп күні, от басы, ошақ қасында қазан тазалаумен өтер еді ғой.
Ауыл-үй болған соң, əйелдің қазан-ошақтан басқа да қыруар шаруасы бар емес пе.
Мысалы: отты жақсылап жағып, қазанға қүйған сүті енді пісті-ау дегенде, үй жақтан шарылдап баласы жылайды, ақырып байы шақырады, не тағы сондай, тұра жүгіретін жұмыс шыға қалады. 
Не істеуі керек?
Тастап кетсе, сүт тасып, төгіліп, оттың басы көңірсіп кетеді. 
Бармауға амалы жоқ. 
Міне, сондай кезде, қазанға тас сала салып, бетін жауып, кете беру —- қазақта Атам заманнан бар əдіс. 
Ертеректе, əр ошақтың басында, он жасар баланың жұдырығындай жұмыр тастар дайын жатады. 
Əлгіндей, қысыл-таяң кезде, сол тасты "биссимилла" деп, суға бір шайып жіберіп, қазанға тастай салады. Содан, тіпті бір сағаттан соң, айналып келсе де, беті жабық қазан бүлкілдеп қайнай береді. Тасып-төгіліп кету деген жоқ. 
Бұл тасты, тек сүт қана емес, көбігін бір қалқып алған соң, етті асықпай пісіру үшін де, қазанға салып қояды.
Мұны, жас кезімізде, өзіміз де талай көрдік. Міне, əлгі "Қазаныңа тас түсті ме? " дегеннің мəнісі осы." 
Сөйтіп, жасы сексенге таяған Анам, ойда жоқта, көптен таппай жүрген жоғарыдағы сөздің жұмбағын шешіп, бере салғаны.
Сол сəтте, мектепте оқу озаты атанып жүрген Нұрлым қызым: "Əже, ол физика заңдылығы ғой. Физика дегеніміз —- табиғаттың алуан түрлі құбылыстары мен тəжірибеге негізделген ғылым. Жаңағы айтқаныңыз, Ньютон заңдарында баяғыдан бар. Егер, сұйықтыққа темір шарик салып қойса, ол белгілі бір градустан асып, қайнамайды" деп, зуылдатып, термодинамтканың, термостаттың "қасиеттерін" бірталай айтып тастады. 
Немересінің сөзін, соңына дейін тыңдап алған Анам: "Əжелеріміз физиканы білмесе де, қазанды қалай тасытпауды, қазан-ошақтың басын таза ұстауды, Нүйтоныңнан артық білген", деп, бір-ақ қайырды. 
Əңгімемізді осы тұстан түйіндеуді біз де жөн көрдік.
21 қыркүйек 2018 ж. 1 655 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930