Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Димашқа Халық әртісі атағы берілді

Димашқа Халық әртісі атағы берілді

Президент Жарлығымен Қазақстанның Халық әртісі атағын алған әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында баршаны Республика күнімен құттықтап, бала кезде түсірілген бейнежазбасын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Әнші архивтегі бейнежазбасын жариялады. Онда 1999 жылы 5 жасында көпшілік алдында өнер көрсеткен оған жұрт қошемет көрсетіп жатқанын байқауға болады.
«Ардақты Алаш жұрты! Барлық құттықтау-тілектеріңізге көп рақмет! Кезінде Қонаев Дінмұхаммед Ахметұлы: «Мен қанша биікке көтерілсем де, халқымнан биік емеспін», деп халқымызды қаншалықты құрметтейтінін көрсеткен еді. Мен де ел-жұртымның ақ пейілінен, ыстық ықыласынан артық биік құрмет жоқ дер едім. Өнерімнің өрлеуі елдің батасынан екенін терең ұғынамын. «Ерім» дейтін ел барда, «елім» дейтін ерлер туады. Қай мемлекетте, қай жерде жүрсем де елімнің абыройы биік болса екен деп тілеймін. Құрметті ағайын, мемлекетіміздің басты мерекесі «Республика күні» мейрамымен баршаңызды құттықтаймын! Сонымен бірге жас болсам да бар ниетімен құрмет қылып, марапаттап жатқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына шын жүректен алғыс айтқым келеді», - деді Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген.

Әнші архивтегі бейнежазбасын жариялады. Онда 1999 жылы 5 жасында көпшілік алдында өнер көрсеткен оған жұрт қошемет көрсетіп жатқанын байқауға болады.

Жүргізуші оны «Құрметті көрермендер, 2030 жыл деп ойлаңыздар. Сахнада өнер көрсеткен – Қазақстанның Халық әртісі Айтбаев Дінмұхамед Қанатұлы» деп таныстырды.
26 қазан 2023 ж. 257 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031