Өрлік пен өнер бір бойында
1972 жылы мамыр айында Семей қаласынан облыс жастарымен әскер қатарына шақырылдым. Әскери борышты Свердловск (Екатеринбург) қаласында өткердім. Табиғаты аса көркем, айналасы ну орман Орал тауының етегінде орналасқан. Ресей мемлекетінің орталығындағы дүние жүзіне танымал «Урал-Маш» заводы, Орал әскери округі және қуатты өнеркәсібі шоғырланған аса маңызды аймақ саналады. Сол кездегі даңқты полктың «Старт» ротасына Төкен Алиманов, Рашид Ешмұхамедов үшеуіміз түстік. Музыкалық сауатым бар еді. Семейдегі М.Әуезов атындағы педучилищенің музыканты Евгений Григорьевич Тюунов ақсақалдың ерікті ұйымдастырған үрлемелі оркестрі үйірмесіне қатысқанымның шапағаты тиді. Полктің үрлемелі оркестрі құрамына қабылдандым.
Полк командирінің бұйрығы бойынша музыканттар нарядқа, басқа ешқандай жұмысқа жіберілмейді. Сағат 14.00-ден кейін Мәдениет үйінде дайындықта боласың. Тек өзіңе тиісті партитураны қалтқысыз орындасаң болды. Қалған уақытта боссың. Полктің музыканттары «Урал-Маш» заводының апта сайынғы жұма күні кешкілікте өтетін сергектік, мерекелік іс-шараларын үрлемелі және эстрадалық жанрда сүйемелдейтін тұрақты демеушісі. «Сокол» пионер лагерінде, қаладағы әскерилерді жерлеу іс-шараларында қаралы музыка қояды. 17 «Духовиктің» 8-і эстрадалық ансамбльде ойнайды. Аз ұлттан Ашот Гаспарян екеуіміз. 7 қарашада полктің үрлемелі оркестрі округтің оркестріне қосылып, бүкіл әскери парадты сүйемелдеді. Жаймашуақ шілде айының күндерінде Роза Бағланова бастаған «Қазақконцерттің» бір топ өнерпазы келіп, алғашқы концертін осы полкқа қойды. Құрамында жазушы Берқайыр Аманшин, өнер қайраткерлері: Зейнеп Қойшыбаева, Гүлвира Разиева, Әскербек Еңкебаев, домбырашы Әзидолла Есқалиев, Аманкелді Семин, Ғалия Тоқтарбаева, Шура Үмбеталиева, Зарема Қаскеева және Болат пен Қуаныш бар. Гүлвира мен Зейнеп апай бауырларының әскери борышын өтеп жүргенін айтты. Полктің мәдениет үйінде 6 сағаттай бірге болдық. Егер мен үрлемелі аспапты бұрын үйренбесем, бұларға жақындап та келе алмас едім. Солдаттар тек саппен ғана жүреді. Репертуарларында бір-бір қазақ әндері болды да, қалған номерлері әр тілде шырқалды. Домбырада да көрермендерін таңдандырып, Европа әуендері ойналды. Ә.Еңкебаев «16 қызды» орыс тілінде орындады. Көрермендер қошеметпен орындаушыларды қайта-қайта шақырумен болды. Соңында Роза апамыз шықты. Ол кісі «Сәулам-ай» әнімен бастады. Толассыз шапалақ соққан қауымға 8 рет шығып ән орындады. Сөз алғанда: «Дорогие наши защитники, мы вас не подведем!» деп қысқа қайырды. Кетерінде Роза апай конверт, қалам алып, елге, әке-шешеңе, қыздарға хат жазып тұр деп 20 сом ақша берді. Бірге ілесіп кеткім келді. Өнер шеберлері автобустың терезесінен білектерін созып, қимастықпен қол бұлғап қоштасқанда жүрегім қарс айырылғандай болды. Елден әскерге аттанғанда мұндай күй кешпеп ем. Қазақтың «Жақында жүрсең тістесіп, алыста жүрсең кісінесіп» дегені бар. Жат жұртта жүргенде бірін-бірі қия алмайтын аса бауырмал халық екеніне көзім жеткендей болды.
Екінші мәрте 1978 жылы көрдім. Партия, совет қызметіне жаңа кіре бастаған кезім. Ауылға 2 жыл бұрын аса көрікті 2 қабатты мәдениет үйін салған еді. Колхоздың председателі К.В.Криволапов: «Жаңа ауданның І секретары А.Ломтьев телефон соқты. Бүгін кешке сендердің ауылдарыңа барып, бір артист концерт қояды деп. Бұл клубты біз аудан үшін салғандаймыз. Депутатпен кездесу болса бізге, артистер келсе бізге. Қыс болса мынау, шаруашылық болса анау» деп ренжіп отыр екен. Сөйтсек Роза Бағланова апамыз бұрынғы Семей облысының аудандарына гастрольдік сапармен келіпті. Кешкілікте ауылдың клубына үлкенді-кішілі жер қайысқан халық жиналды. Роза апай басында құндыз бөрік, үстінде құндыз тон, көзінде қоңыр көзілдірік. Халық аздау клубтың қосымша есігінен кірді. Алдынан кездескен үлкендерге: «Мен сіздерді құшақ жая қарсы аламын!» деп тағзым етіп жатты. Ауданның ІІ секретары Н.П.Чижов бастаған топ және облыстық мәдениет бөлімінен Тапалшинов ілесіпті. Роза сахнада ұлттық киіммен бағдарламадағы кезекті номерлерін орындап жатты. Толассыз шапалақ соғылуда. Концерттің ІІ бөліміне әскери киім киіп шықты. Кеудесі толған ордендер мен медальдар. ҰОС-сы кезінде алғы шепте, әсіресе, алғаш Москваның үлкен залында ән салғанын, солдаттар сол клубтан шығысымен саппен майданға беттеп бара жатқанын айтты. Бірде алғы шепте Розаны генерал Рахимов танкінің үстіне көтеріп шығарып, ән салдырыпты. Тағы бірде алғы шепте, әскерлер алдында, ән салып тұрғанда жанына снаряд түсіп жарылады. Көрермен әскерлер соғыс дағдысымен жата қалыпты. Роза апамыз әнін тоқтаусыз айта берген. «Мен жасырынып сақтануды білмедім. Тек бір қабағыма тарыдай жарқыншақ дарып қанатты» деді. Сол жарақаты кейін жасы ұлғайғанда көзінің көруін нашарлатады. Әнді сүйемелдеген ансамбльдің құрамында мен танитын Алшынбек Қасымов деген музыкант болды. Соңғы әнін колхоздың председателі К.В.Криволаповқа арнады. Ол да ҰОС-на қатысқан өзі тұстас адам еді. Роза апамыз: «Ваш председатель колхоза какой он молодец, молодой, подтянутый построил такой клуб для сельской местности» деп алғыс айтты. Манағы председателіміз алдыңғы жақтағы орнынан тұрып, ыржың-ыржың күліп, өзі қызыл адам еді. Риза болып, сахнаға шығып: «Болашақта ауылға жиі келіп, ауыл еңбеккерлерін тамаша әндеріңізбен сусындата беріңіз» деп өнеріне табыс тіледі. Концерттен соң парторг Ф.Омаровтың үйінде қонақтар күтілді. 1972 жылы Свердловскде жолыққанымды айттым. «Иә, иә біз ол кезде көп частіде болдық», – деді Роза апамыз. Бір жыл бұрын Зейнеп Қойшыбаева біздің ауылға бір туысына келген. Ол кісіге де 1972 жылы Свердловскде көргенімді айттым. Қай солдат ойында тұрсын. Роза Бағланованың әр сөзі, киген киімі, қозғалысы, салған әні, бәрі-бәрі өзіне жарасып тұрды. Біз «Шіркін!» деп қала бердік. Содан бері 50 жыл өтті.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының ызғарынан қазақ халқының қатты үрейленген, қудаланған шағы еді. Роза апамыз 1988 жылы мемлекеттік алқалы жиналыста алғашқы болып, әлі ер азаматтар батып айта алмаған, Қазақ жерінің экологиялық зардаптары туралы сөйлеген аса құнды, батыл айтқан сөзін қалай ұмытамыз?! Нағыз патриот, Отаншыл апамыздың жүрек жарды сөзін сол қалпында жазуға тырыстым. «– Я прошла войну. Но то, что творится в Арале одним словом невозможно остановить. Войну можно остановить, атомную бомбу можно остановить, самолет можно остановить, но этого невозможно остановить. Мы говорим здесь, а там природа свое дело делает. То, что натворили наши в кавычках “величайщие ученые”, как я могу говорить о таких ученых, что они убивают в утробе целую нацию. Нацию убивают. В другое время мы говорили бы, что это вредительство. А что мы скажем они академики Союза СССР, герои соц. труда, лауреаты дважды, трижды. На Казахской территории там, что в Семипалатинске полигон. В Байконуре космодром. В Арале яд. Как жить казахам? Если это было бы за границей, в Америке как бы мы кричали: «Что вот целую нацию убивают! Не только в Казахстане». В тех местах была. Мне было очень тяжело. Когда нет глаза, когда нет нёба, рождается без нёбы. Нет на голове волос. Нет руки, нет ноги, что это значит? У кого надо спросить, кому надо говорить? До какой инстанции нужно дойти, чтобы услышали боль, горе, трагедию целой нации.
Осыдан-ақ, күллі қазақ өнері тарландарының ішінен жарық жұлдыздай тұңғыш және жеке дара «Халық Қаһарманы» мәртебесіне аса лайықты болғаны тегін емес екендігіне көзің жетеді.
Рамазан НҮСІПОВ,
ШҚО Көктерек ауылы, Үржар ауданы