Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 16 cәуір ауа райы күрт бұзылады: дауыл, бұршақ, көктайғақ

16 cәуір ауа райы күрт бұзылады: дауыл, бұршақ, көктайғақ

16 cәуір ауа райы күрт бұзылады: дауыл, бұршақ, көктайғақ
Фото: depositphotos.com
Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, бірқатар өңірде дауыл, бұршақ және көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағы арқылы атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Соның салдарынан республиканың басым бөлігінде жауын-шашын түсіп, кей жерлерде жаңбыр қарға ұласады. Солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталық өңірлерде, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр мен қар аралас жауын күтіледі.
Бұдан бөлек, елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында және орталық аймақтарында жауын-шашынның күшеюі ықтимал. Кей өңірлерде бұршақ жауып, дауыл тұрып, көктайғақ болуы мүмкін.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстік-шығыс өңірлерде желдің екпіні шаңды дауылға ұласуы ықтимал.
Сонымен қатар, Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, Жамбыл облысының батысы мен оңтүстік-шығысында, Алматы облысының солтүстігі, батысы және орталық бөлігінде, Жетісу облысының бірқатар аумағында, сондай-ақ Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Синоптиктер ауа райының күрт өзгеруіне байланысты тұрғындарды сақтық шараларын күшейтуге шақырды.
16 сәуір 2026 ж. 130 0

Шипа мен үйлесім жолында

20 маусым 2026 ж. 54

Қауіпке қарсы қамданыс

20 маусым 2026 ж. 41

XXI ғасырдағы Арал теңізі

20 маусым 2026 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930