Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елде жарты миллион адам 5 жылдан бері несиесін төлемей жүр

Елде жарты миллион адам 5 жылдан бері несиесін төлемей жүр

Фото: shutterstock
Елде 5 жылдан бері несиесін төлемей жүрген жарты миллион адам бар. Алайда олар өзін банкрот деп жариялауға өтінім бермеген. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мұның себебін түсіндірді.
«Шамамен 70 мың адам банкрот деп жариялау мүмкіндігін қолданды. Алайда екі-бес жылдан бері несиесін төлемей жүрген азаматтардың саны 500 мыңнан асады. Олар да өзін банкрот деп жариялау мүмкіндігін пайдалана алады. Алайда заңдағы басты кемшілік – бұл азаматтардың 5 жыл бойы несие ала алмауы. Сол себепті пайдаланбай отыр», – дейді Әбілқасымова.
Ал соттан тыс банкроттық мүмкіндігін пайдалану үшін азаматтың мүлкі болмауы керек. Сондай-ақ табысы 2 ең төменгі жалақы (170 мың теңге – ред.) мөлшерінен аспауға тиіс. Көп жағдайда азаматтардың табысы осы нормаға сәйкес келе бермейді.
«Қазір несиесін 5 жылдан аса уақыттан бері төлемей жүрген азаматтың дәл осы екі талапқа сай келуіне мән берілмейді», – дейді агенттік төрағасы.
Әбілқасымова өзінің де несиесі барын, оны төлеп біткенше тыным таппайтынын айтты.
Айта кетейік, 2024-2025 жылы Қазақстанда әдейі банкрот болғысы келетіндерге қатысты 120 әкімшілік іс және 44-тен астам қылмыстық іс қозғалған.
15 сәуір 2026 ж. 187 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031