Жамбыл жырлары қырғыз тілінде жарық көрді

Манас және Ш. Айтманов ұлттық академиясында салтанат құрған басқосуға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қырғыз Республикасы легендарлы Парламентінің тұңғыш төрағасы Медеткан Шеримкулов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Әбдуалиев, Қырғыз Республикасы Манас және Ш.Айтматов ұлттық академиясы президенті Топчубек Тургуналиев, Қырғыз Республикасының Ұлттық жазушылар одағының төрағасы Нұрланбек Калыбеков, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов, жазушы Жұмабай Шаштайұлы, Жамбыл облыстық Мәслихатының хатшысы Махметқали Сарыбеков сонымен бірге тағы басқа да қазақ-қырғыз зиялы қауым өкілдері мен қабырғалы қаламгерлер қатысты.
«Жамбыл – қазақ пен қырғызға ортақ тұлға. «Сүйегім – қазақ, етім – қырғыз» деп айтатын ақынның қоңсы қонған қырғыз халқына деген риясыз көңілі анық аңғарылады. Алатаудың абызы осы қырынан да түркі бірлігіне қызмет еткені баршаға ғибрат», деді Академия басшысы алқалы жиында.
Осы тұста қырғыз еліне Жамбыл туған топырақтың ыстық сәлемін жолдай келген Алматы және Жамбыл облыстық Мәдениет басқармаларының өкілдері мен өрелі өнерпаздар іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, бауырлас елде баба рухын аспандатқанын айрықша атай кеткен жөн.