Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Келіні жақсы үйдің керегесі алтын

Келіні жақсы үйдің керегесі алтын

Лақалы ауылдық клубында Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы негізінде "Келіні жақсы үйдің керегесі алтын" атты келіндер сайысы өтті. Жарысты ұйымдастырған клуб ұжымы ұлттық салт-дәстүрге байланысты қазақ шаңырағында келіннің алар орны ерекше және ол отбасының ұйтқысы екендігін ұғындыруды мақсат тұтты. 
Өзара бақ сынасқан келіндер сайыс шарттарына сай жақсы өнер көрсетті. Олар қойылған сұрақтарға тапқырлықпен жауап беріп, үй тапсырмасы бойынша өздері дайындаған қолөнер бұйымдары мен тағамдардың жасалу жолдарын түсіндірді. Талапкерлердің жүлде қоржынына көшелері атынан қосымша ұпай қосу шартына орай əр көшенің тұрғындары өнер көрсетті.
Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен "Бас жүлде" Мақаш суат көшесінен Жамбылова Гүлнəз Нағашыбай келініне берілді. Бірінші орынға Туысқандар көшесінен Елемес Қырмызы Құлпыбай келіні ие болса, екінші орынды Ардагерлер көшесінен Əбдікерова Ақмарал Съез келіні қанжығасына байлады. Серікбай суат көшесінен Смағұлова Жазира Жанұзақ келіні, Ардагерлер көшесінен Жаңбырбаева Фариза Бақыт келіні, Мəуелі бəйтерек көшесінен Əлмұратова Манат Шəріп келіні үшінші орынды иеленді. Келіндеріне көмек көрсетіп, көрініс көрсеткен көшелер бойынша "Ынтымақты көше" номинациясы Ардагерлер көшесіне берілді. Сайысқа қатысушы барлық келіндерге ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хаттар беріліп, бағалы сыйлықтар үлестірілді.

12 наурыз 2018 ж. 3 364 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031