Түркияда Абайдың 175 жылдығы мен әл-Фарабидің 1150 жылдығы атап өтілуде
Түркияда Абайдың тағы бір ескерткіші бой көтеріп, ақынның есімі берілген кезекті даңғыл ашылды. Хәкім Абайдың ескерткіші Анкараның Гөлбашы ауданында қойылды.
Биыл Түркияның бірнеше қаласына Абай ескерткіші қойылып, саябақ пен даңғылға ұлы ақынның есімі берілді.
- Түркияда Абайдың тағы бір ескерткіші бой көтерді. Енді Ұлы ақынның есімі Анкараның ең үлкен Гөлбашы ауданында мәңгі сақталады. Гөлбашы - Көлбасы деген мағына береді. Тап осы Көлдің жағасын көктей өткен көшеге Абай есімі беріліп, ойшылдың еңселі ескерткіші орнатылды.
- Анкараның ең көрнекті ауданының бірі туристер көп келетін Көлбасы деп аталатын ауданда ашуға ұйғардық. Көптеген ұсыныстар келіп түсті. Соның ішінен осы ауданды таңдадық. Бұл ауданның бірі ерекшелігі, парктің алдынан велосипед жолы өтеді. Ең көрнекті туристік орынға айналады. Қазірдің өзінде, көлдің айналасында көптеген туристік орындар бар.
- Абай есімін 25 мыңнан астам студент қатынап оқитын даңғылға бердік. Көше бойында Анкара, Гази және Хажы Байрам Университеттерінің кампустары бар. Біз үшін түркі жұртының тарихы маңызды. Жастарымыз туыстас халықтың тұрмыс салтын білулері тиіс. Ол да осындай бастамалармен жүзеге асады. Сондай-ақ түрік тіліне тәржімаланған "Абай және әл Фараби" мен "Ұстаздың оралуы" кітаптары таныстырылды. Түрік оқырманына жол тартқан кітаптардың авторлары Ақжан әл Машани мен Әнуар Әлімжанов.
- Бұл кітаптар Абай мен Әл Фарабидің елімізде одан әрі танылуына елеулі үлес қосады. Ақжан әл Машанидің шығармасы арқылы оқырман қос ойшылдың философиясындағы ұқсастық пен ерекшеліпен танысады. Әлімжановтың туындысы Фарабидің өмірін роман ретінде баяндап, тыңдаушыға "шәйдің ішіндегі шекер секілді" жеткізеді.