Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бейсен Құранбекке Қалқаман Сарин жүрек тебірентер жыр шумақтарын арнады

Бейсен Құранбекке Қалқаман Сарин жүрек тебірентер жыр шумақтарын арнады

18 мамырда белгілі тележүргізуші, "Жетісу" телеарнасының директоры, Қазақстанның мәдениет қайраткері Бейсен Құранбек қайтыс болды. Қазақ журналистикасында өшпес із қалдырған тұлғаның қазасы халықтың қабырғасын қайыстырғаны мәлім. Ақын, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин нар тұлғаға арнап іштегі шерін жыр жолдары арқылы білдірді деп хабарлайды oinet.kz тілшісі. Бұл жайлы Қалқаман Сариннің өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
Жақсы еді,
Жақсы еді ғой, шын жақсы еді,
Жалғанның неге осылай тынбақ соңы?
Бәріне жанашыр боп жүрмекші еді,
Әлі де Алашым! - деп тұрмақшы еді.
Жақсы еді,
Жақсы еді ғой, шын жақсы еді,
Жанымның басылар ма құрғақ шөлі?
Бұйыртып ғазиз-ғұмыр, ғашық-тағдыр
Бұл өмір тұр ма тағы бұлдап соны?
Жақсы еді,
Жақсы еді ғой, шын жақсы еді,
"Бармысың, батырым" деп, тіл қатса,
өңі жып-жылы шуақ шашқан күндей болып,
тұратын жан нұрымен жырғап сені.
Жақсы еді,
Жақсы еді ғой, шын жақсы еді,
Тірліктің тағы алмасып тұр бақ-соры.
Көңілдің қайғысына дауа болып,
Көзімнің жасын біреу құрғатса еді.
Жақсы еді,
Жақсы еді ғой, шын жақсы еді,
Жалғанның шешілмеді-ау жұмбақ-шері.
Жақсы адам! - деген жалғыз сөзде оның,
Бар атақ, абыройы, құрмет, шені!

21 мамыр 2020 ж. 1 143 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 149

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 204

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 175

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 153

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 169

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930