"Бәріміз бай болайықшы": Қарақат Әбілдина ерекше медитация жасады
Көліктің үстіне жатып медитация жасаған Қарақат Әбілдина жұртты таңқалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қарақат Әбілдина психология туралы өзінің ойын айтып, адам өмірі үшін бұл ғылымның қаншалықты маңызды екенін жеткізді. Жақсылыққа ұмтылу кез келген тұлғаны жақсы жолға бағыттайтынын айтады ол.
"Қазір псиxологиямен сөйлеу мода болып жатыр ғой. Негізі бұл ғылымның бізге ауадай қажет екенін бәрі біле бастады! Жалпы жақсы сөйлеп үйренген қандай жақсы. Жақсы сөйлей жүріп, жақсылыққа ұмтылу әр адамның қолынан келеді. Жақсы сөйлеп, жақсы ойлап, жақсы өмір сүріп бәріміз бақытты, бай болайықшы осы", - деп жазды Қарақат Әбілдина.
Артынша өнер иесі адамның ойына да тоқталып кетті. Сонымен қатар көліктің үстінде медитация жасап жатқанын да жасырмады.
"Алла тағала Рағыд сүресінде "Сен ойыңды өзгертсең, мен сенің өміріңді өзгертем" деген жоқ па. Біз де сол жұрттан қалыспайық деп тал түсте, көліктің үстінде "мен бақыттымын" деп медитация жасап жатырмыз", - деп жазды қарақат Әбілдина.