Ұлттық киімді ұлықтаған ұрпақ
«Ұлттық киім – ұлт бейнесі. Өзінің елдік қасиетін, өнерін, мәдениетін, тілі мен дінін сезінбей өскен жас ұрпақта ешқандай да патриоттық тәрбие қалыптаса қоймасы анық», – дейді Әйтеке би кентіндегі №170 мектептің 5 «В» сынып жетекшісі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гүлнара Дәуітова. Бабадан аманат болған ұлттық құндылықтарды жаңғырту, елін, жерін, дәстүрін сүйетін ұрпақ тәрбиелеу ұстаздық міндетім деп білетін ол шәкірттеріне ой тастады.
Ұстазының сөзін құп көрген оқушылар қазіргі таңда сынып болып, ұлттық нақыштағы ою-өрнекпен көмкерілген мектеп формасын киіп жүр. 5 «В» сыныбында 24 оқушы бар. Барлығы да білімге құштар, өнерге жақын. Мектепішілік шараларға белсене араласып, қоғамдық жұмыстардың басы-қасынан табылады.
– Менің ұсынысым ата-аналар арасында қызу қолдау көріп, тіпті алғыс айтуда. Ұлттық оюлы киіммен жүрген оқушы жауапкершілікті сезініп, әдепсіздікке бармауға тырысады. Сондай-ақ ашық сабақта, сахнада, күнделікті сабақта да өзгеше көңіл-күй сыйлайды, – дейді сынып жетекшісі.
«Ұлттық үрдісте киінейік!» деген ұстаныммен ұлттық киімді дәріптеуге үлестерін қосып жүрген шәкірттердің жеткен жетістігі көп. Оқушылар аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі білім байқауларының, өнер додаларының, спорт сайыстарының жүлдегері атанған. Сынып болып «Гүлдер мерекесі» аясында ұйымдастырылған «Гүл – ғажайып дүние» шарасына белсене қатысып, мектеп директорының Алғыс хатымен марапатталды. «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында өткізілген «Екі жұлдыз» шығармашылық байқауында «Жұлдызды жұп» номинациясын оқушы Нұрислам Әбдіхалық пен жетекшісі Гүлнара Дәуітова жеңіп алды. Ауған соғысының ардагері, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері Нұрлан Сейдуалиевты еске алуға арналған республикалық турнирде сынып мақтанышы Серік Мақсұт бірінші орын иеленіп, мектеп абыройын асырды. «Отбасым – алтын тірегім» атты отбасылық жарысқа қатысып, екінші дәрежелі дипломмен марапатталды. 5-11 сыныптар арасында өткен «Қыс келбеті» атты жас суретшілер байқауында 5 «В» сыныбының оқушысы Нұрия Разақ бас жүлде иеленді. Математика, информатика және физика пәндері апталығы аясында «Жұлдызды сәт» сайысында сынып бірінші орын алды.
– Шәкірттер ұлттық үрдісті қалыптастыратын киім кисе, оны көрген жастардың да көзқарасы өзгерер еді. Ұлт ұрпағын тәрбиелейтін ұстаздарымыздың сырт келбетінің мәніне өнегелік тұрғыдан қарағаны дұрыс. Оқушыларына ұлттық киім тіктіріп, елдік дәстүрді насихаттап отырған сынып жетекшісі Гүлнара Дәуітова мен ауызбіршілік танытқан ата-аналарға деген ризашылығымыз шексіз. Ұлттық құндылықтарды бірге дәріптеп, қасиетті қазынамыздың қадіріне жетуге ұмтылайық, – дейді мектеп директоры Нұрлан Имашев.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА