Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Талант жас таңдамайды

Талант жас таңдамайды

Жас ақын Бекзат Серіковтың есімі айтыс сүйер қауымға жақсы таныс. Майдакөл ауылының тумасы, бүгінде бірнеше аудандық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар иеленіп үлгерді. №98 мектептің 11 сынып оқушысы жуырда Жалағаш ауданының 80 жылдық мерейтойына орай өткен «Жаһанда жұмақ мекен – Жалағашым» атты облыстық оқушылар айтысында үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Алғашында ақындық жолға жүрексіне келген талантты жастың қазір өнерге деген ықыласы ерекше. Бекзат ауылдағы «Ақберен» ақындар үйірмесінің белді мүшесі.

– Өнерге деген қызығушылығымды арттырып, шабытымды оятқан ұстазым – Ермекбай Ағыраев. Бекзат Әбдіханов деген досым бар. Ұстазымыз екеумізге өлең шығартты. Сосын: «Сендер айтыс­кер ақын боласыңдар» – деп үйірмеге шақырғанда, шыны керек қашқақтап жүрдік. Бойымызда қорқыныш басым болды. Бір күні Ермекбай ағай шақырып, бір дәптерге қол қойдырды. Содан кейін: «Сендер не үшін қол қойғандарыңды білесіңдер ме?» деп сұрады. Ал біз не екенін оқымаған едік. Сол кезде ағай: «Мұнда үйірмеге мүше боламын, айтыс өнерінің қыр-сырын үйреніп, ақындық жолға бет бұруды мақсат еттім» деп жазылған. Ер жігіттің екі сөйлегені, өлгені,– деп біздің бойымыздағы таланттың күшіне сенетінін жеткізді. Міне, осылай келіп қалдық, – деп әңгімесін бастады жас ақын Бекзат.

Шәкіртінің бұл сөзін жоққа шығармаған Ермекбай Ағыраев: «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген. Мен екі жігіттің де суырып салмалық қабілеті барын байқадым. Ұшқынды одан әрі жандандыруды көздеп, сондай қулыққа бардым», – дейді.

Ұстазының бұл ісіне Бекзат қуанбаса, өкініп жүрген жоқ. Себебі жақсымен жанастырып, көкірек көзін ашқан жанға дән риза.
Алдымен ауыл сахнасында додаға түсіп, тәжірибесін толыстырды. Бұдан кейін аудандық, аймақтық, облыстық, республикалық деңгейдегі оқушылар айтысында бақ сынады. Бас жүлде, бірінші, екінші орындарды қанжығалап, көптің назарына ілікті. Өнердің арқасында рухани жағынан үндесетін достар тауып, Сыр өңірінің мақтаныштары Айбек Тәңірбергенов, Мұхтар Ния­зов, Серік Ыдырысов, Марат Сүгірбаев секілді азаматтармен кездесіп, ағалық ақылын алғанын ерекше әсермен жеткізді.

– Дүниеден озған Жетіскен Мәкеналы, Абдулла Сапар сынды ағалармен жүздесіп, қолын алғанымыз біз үшін үлкен бақыт. Ауданның атын шығарып жүрген ақындарға іні болып, ізінен еріп, бой түзейміз. «Ақберен» ақындар үйірмесінің мүшесі болған Мұхамед-Қанапия Шарханұлы, Бекзат Әбдіхановтар республикалық «Ақберен» сайысында үшінші орынды иеленді. Биыл мен қатысамын. Бұйырса жүлдемен ораламын деген үміттемін. «Қазалының Жүрсіні» атанған Ермекбай Ағыраев аудандағы айтыс өнерінің өркендеуіне аянбай еңбек етіп келеді. Осы айдың 29 жұлдызында ауылда аудандық ақындар айтысын өткізуді жоспаралап, қызу дайындық үстінде. Төл өнеріміз үнемі төрден орын алса, – деген Бекзаттың мектептегі ұстаздарына да алғысы шексіз.

Олар үнемі талантты жасты қолдайды. Түрлі сайысқа қатысуына рұқсатын беріп, тақымын қысып отыратын тілеулес жандар жас ақынның болашағынан үлкен үміт күтеді. Айтпақшы, Бекзат отбасындағы жалғыз ақын емес. Інісі Жанұзақ Серіков дәстүрлі түрде өтетін облыстық «Көктем нұры» сайысында бірінші орынды жеңіп алды. 6 сыныпта оқитын Жанұзақтың шығар шыңы әлі алда.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
23 қараша 2019 ж. 1 980 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930