Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Америкалықтар Димаш Құдайбергенге орындарынан тұрып қол соқты

Америкалықтар Димаш Құдайбергенге орындарынан тұрып қол соқты

Димаш Құдайберген Barclays Center концерт залында ресейлік композитор Игорь Крутойдың мерейтойлық кешінде өнер көрсетті. Кеште ол Игорь Крутойдың бірнеше шығармасын және өзінің концерттік бағдарламасынан әндер орындады. Көрермендер әншіні ыстық ықыласпен қарсы алып, ерекше қошемет көрсетті. Димаштың құшағын гүлге толтырып, оның әндерін бірге шырқады.

Америкалықтардың орындарынан тұрып қол соққан сәтін Қанат Айтбаев өз парақшасында жариялады.

Игорь Крутойдың концерті Бруклиндегі Barclays Center орталығында өтті. Димаштан басқа, кеште «А-Студио» тобы, Ирина Аллегрова, Николай Басков, Филипп Киркоров, Валерий Леонтьев, Анжелика Варум, Ани Лорак, Дима Билан, Сергей Лазарев және тағы басқа ресейлік эстрада әншілері өнер көрсетті.

Билеттің бағасы 105-1205 доллар (41-470 мың теңге) шамасында болды.

Бір күн бұрын Димаш Құдайбергенді фанаттары әуежайдан дүркіретіп қарсы алған еді.

Ал Димаштың АҚШ-тағы жеке концерті 10 желтоқсанда Barclays Center орталығында өтеді. Концерт залына 19 мың адам сыяды.
27 қазан 2019 ж. 930 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 151

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 153

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031