Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Нұртас Адамбай: Димаш Крутоймен бекер байланысты, босқа уақытын алып жатыр

Нұртас Адамбай: Димаш Крутоймен бекер байланысты, босқа уақытын алып жатыр

Режиссер Нұртас Адамбай Димаш пен Игорь Крутойдың серіктестігіне қатысты пікір білдірді. Адамбайдың ойынша, ресейлік маэстро қазақстандық орындаушының дамуын тежеп, уақытын шығындап жатыр.

«Меніңше, Димаш Игорь Крутоймен босқа байланысты. Ол қазір оның концерттеріне қатысып, туған күнінде көңіл көтеріп, өзінің алтын уақыты мен күш-қуатын шығындап жатыр. Бар назарын штатқа қарай бағыттаса жақсы еді. Бүгінде ол жақта шоу-бизнес дамыған. Бұл маған Германиядағы Юниверсал компаниясымен байланысқан Головкинді еске түсіреді. Осы компания оның әлемдік аренаға шығуын тежеп, бірнеше жыл уақытын құртып еді», - дейді Нұртас Адамбай.
Әрі қарай режиссер бұл серіктестіктен Крутойдың көбірек ұтатынына тоқталды. 
«Крутойға Димаштың не үшін керек екені түсінікті. Ал ол Димашқа не үшін қажет? Ол екінші Басков немесе Киркоров болайын деп жатқан жоқ қой. Менің пікірім – ол посткеңестік жандардан алыстап, Батыста жұмыс істеуі тиіс. Тағдырдың өзі осындай талант бұйыртып тұрғанда, оны барынша қолданғаны дұрыс. Бұл менің жеке пікірім», - деп қорытты ол. 

Аталған жазба желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Бірі режиссерді толықтай қолдаса, енді екіншілері онымен мүлдем келіспейтінін жеткізді.


stan.kz
31 тамыз 2019 ж. 95 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30