«Қазалы – менің мекенім» тақырыбындағы фотобайқау жарияланды
Қазалы ауданы әкімдігі ұйымдастыруымен Қазалы ауданының 95 жылдығына арналған “Қазалы - менің мекенім” тақырыбындағы фотобайқау бастау алды.
Байқаудың мақсаты - аудан келбетін жарқын фотосуреттер арқылы көрсету мен жас ұрпақтың туған елінің болашағы мен төл тарихына деген құрметін арттыру. Сондай-ақ, жастардың туған жерге деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін фотоөнер арқылы білдіруге мүмкіндік беру, фотосурет саласында кәсіби және көркемөнер шығармашылығын дамыту.
Байқауды өткізу мерзімі: 2023 жылдың 7 мамыр - 1 маусым аралығы
Байқау талаптары:
- аудан көлеміндегі көрікті жерлердің фотосуреттері, кешегі мен бүгінгіні айшықтайтын тарихи суреттер қабылданады;
- фотобайқауға кез келген Қазалы ауданының тұрғыны қатыса алады, жасына шектеу қойылмайды;
- фотоколлаж, арнайы эффектілермен өңделген фотосуреттер қабылданбайды;
- сапасыз, талапқа сай келмейтін фотосуреттер қатыстырылмайды;
- фотосуреттер қатысушы жайлы толық ақпаратпен (аты-жөні, тұрғылықты жері, жұмыс орны, байланыс телефондары, фотосуреттің тақырыптық атауы, қайда, қашан түсірілгені туралы т.б.) қоса kazali_ovp@mail.ru электронды поштасына жіберілуі тиіс.
Байқау жеңімпаздарын анықтау шарттары:
- Фотобайқауға ұсынылған материалдар Қазалы ауданы әкімдігінің фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланады;
- Оқырмандар тарапынан лайк пен пікір санын көп жинаған фотоматериалдар арасынан жеңімпаздар анықталады.
- Байқау қорытындысы бойынша фотоальбом шығарылады.
- Байқау жеңімпаздары 4-маусым Рәміздер күніне арналған патриоттық іс-шарада марапатталады.
Байқаудың жүлде қоры:
1- орын: 100 000 теңге;
2- орын: 70 000 теңге;
3- орын: 50 000 теңге.
Байланыс:
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа Нұрмұхаммедұлы көшесі №130. Қазалы ауданы әкімдігі
тел: 79-2-80 (ішкі 3219)