Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қазгидромет" дүйсенбі күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

"Қазгидромет" дүйсенбі күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

Республиканың кей аймақтарында жел күшейіп, тұман түседі. Еліміздің батысында жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады, деп хабарлайды Экспресс К.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде жел секундына 15-20 метрге күшейіп, бұрқасын соғады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсіп, облыс орталығында жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында — тұман түсіп, солтүстігі мен шығысында жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел секундына 15-20 метрге жетіп, бұрқасын соғады.
Ақмола облысының солтүстік-шығысында жел секундына 15-20 метрге күшейеді. Күндіз өңірде бұрқасын соғады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде орталығында тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Ақтөбе облысының солтүстігі мен батысында көктайғақ болады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел секундына 18-23 метрге күшейеді.
Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы өңірлерінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел секундына 15-20 метрге күшейеді. Түркістан және Маңғыстау облыстарының солтүстігінде тұман түсуі ықтимал.
21 ақпан 2022 ж. 633 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 121

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 123

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 83

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 95

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031