Қар, көктайғақ: синоптиктер 23 ақпандағы ауа райын болжады

Сол арқылы елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауады, сондай-ақ көктайғақ күтіледі. Еліміздің қалған аумағында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі, жел күшейеді.
Ақмола облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, шығыс жартысында бұрқасын болуы мүмкін.
Түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең солтүстігінде және облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі.
Қостанай облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың батысы мен оңтүстік-батысында тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман, түнде шығысында, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, күндіз солтүстігінде, батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде бұрқасын күтіледі, түнде Жарма ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының батысында, орталығында солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, түнде және таңертең Маңғыстау облысының орталығында тұман түседі.