Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Инфекциядан қалай қорғануға болады? - дәрігер кеңесі

Инфекциядан қалай қорғануға болады? - дәрігер кеңесі

Орталықтың негізгі мақсаты – инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау бағдарламаларын мониторингілеу және деректерді талдау.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Х.Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» филиалының базасында Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау бойынша үйлестіру кеңесі (МККБИА) құрылды.   
Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың таралуы, ең алдымен, сырқаттану деңгейімен және госпитальдік инфекциялардың таралуымен анықталады және медициналық ұйымдарда амбулаториялық қызметпен қоса кез-келген бейін және деңгейде дамиды.  
Бұл антибиотиктерді бақылаусыз қолданумен, микроэкологиялық ортаның ерекшеліктерімен, яғни госпитальдік штаммаларды қалыптастыру мүмкіндігімен, инфекция көздерінің көп санымен, сондай-ақ инвазивтік араласумен байланысты инфекция қоздырушыларын берудің жасанды тетігінің қалыптасуымен негізделген.  
Түрлі факторлардың әсеріне, түрлі елдерде медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар дамитын науқастардың саны (материалдық абаттылық, мәдениет, денсаулық сақтаудың даму деңгейіне сәйкес) АҚШ-та 2,5 - 5% арасында ауытқиды, Германияда 3,5%, Ұлыбританияда  6%, Қытайда 8%, Таиландта 12-14% құрайды. Қазақстанда МККБИА тіркелуі төмен және 1,14% құрайтынын  атап өту керек.
Орталықтың негізгі мақсаты – инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау бағдарламаларын мониторингілеу және деректерді талдау, жинау бойынша әдістемелік базаны қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсету кезінде инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу, тұрақты негізде шеберлік сыныптар, қосымша кәсіби білім беру бағдарламаларын өткізу жолымен медициналық ұйымдардағы инфекциялық бақылау мәселелеріндегі алғы халықаралық тәжірибемен бөлісу. 
Қазіргі уақытта Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы БҰҰ тұрғын халық саласындағы қорымен (ЮНФПА) бірлесе отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан, Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларының стационарларында медициналық көмекпен байланысты инфекциялардың алдын алу және бақылаудың халықаралық стандарттарын енгізу жөніндегі жобаны іске асыруды бастаған. 
Пилоттық клиникаларда тәжірибені басқа акушериялық клиникаларға, ал акушерия қызметінен – басқа бейіндегі клиникаларға беру жоспарланып отыр. 

17 қазан 2019 ж. 1 562 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031