Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Болашақ мамандарға денсаулық сақтаудың жаңа жүйесі түсіндірілді

Болашақ мамандарға денсаулық сақтаудың жаңа жүйесі түсіндірілді

  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қызылорда филиалының сарапшылары Қызылорда медициналық жоғары колледжінің ұжымымен кездесті.
   Анықтама үшін: Қызылорда медициналық колледжі 1928 жылы Қазақ акушерлік техникумы ретінде құрылды. 1954 жылы медициналық училище болып қайта құрылды. 1996 жылы - Қызылорда медициналық колледжі. 2016 жылы медициналық жоғары колледж мәртебесіне ие болды. Мұнда 138 кәсіби педагог жұмыс істейді, олардың қатарында тәжірибелі дәрігерлерде бар. Колледжде 1615 студент білім алуда.
Биылғы жылы білім ордасында, мейірбике ісі, эпидемиология, стоматология, фармация, зертханалық диагностика және басқа да бейіндер бойынша 500-ге жуық жас мамандарға жолдама береді. Жас мамандар жаңа денсаулық сақтау жүйесі - МӘМС аясында еңбек жолын бастайды.
   2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің (бұдан әрі - ТМККК) қаржылық операторы және медициналық қызметтер үшін бірыңғай төлеуші болды, деп атап өтті сарапшылар. Барлық медициналық қызметтер екі пакет – МӘМС және ТМККК айналасында топтастырылған.
   Кепілді пакетте - әлеуметтік маңызды ауруларды емдеу (онкология, туберкулез, психиатрия), жедел жәрдем, санавиация, алғашқы медициналық-санитариялық, шұғыл, паллиативтік көмек. МӘМС пакетінде жоспарлы диагностика мен емдеу қызметтерінің кең ауқымды бар. Қор мамандардың айтуыңша, ТМККК еліміздің барлық азаматтарына арналған. Ал МӘМС пакетіне тек сақтандырылған азаматтар үшін. Егер төлемдер үш айдан артық түспесе, МӘМС пакетіне құқығы болмайды.
  2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарына (fms.kz сайтында азаматтардың жеңілдікті санаттарының тізімі) мемлекет өз тарапынан жарналар төлейді.


«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының
халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі

29 сәуір 2019 ж. 225 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930