Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
Cәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай жарқылдайды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Республиканың кей жерлерде тұман, жел күшеюі күтіледі. Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақтан, Шығыс Қахақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Алматы, Жамбыл, күндіз Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді,Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, Қызылорда облысында дауыл соғады.
Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарында, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде топырақ бетінің үстінде үсік 1-3 градус күтіледі.