Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді

Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.
2019–2026 жылдар аралығындағы негізгі нәтижелер:
  • Электрондық үкімет. Қазақстан БҰҰ-ның 193 мемлекет арасындағы электрондық үкіметті дамыту индексінде 39-орыннан 24-орынға көтеріліп, өз көрсеткішін 15 позицияға жақсартты.
  • Ғарыштық технологиялар экспорты. Көрсеткіш нөлден 70 млн АҚШ долларына дейін өсті.
  • IT-экспорт. IT-қызметтер экспорты 38 есеге артып, 30 млн доллардан 1,142 млрд долларға жетті. Оның ішінде Astana Hub резиденттерінің экспорты 633 млн долларды құрады.
  • Интернет инфрақұрылымы. Интернетпен қамту деңгейі халықтың 84%-ынан 98%-ына дейін артты. Орташа интернет жылдамдығы 21-ден 88–94 Мбит/с дейін өсті. Қазіргі уақытта бесінші буын — 5G байланысы енгізілуде.
  • Цифрлық мемлекеттік қызметтер. Цифрландырылған мемлекеттік қызметтердің үлесі 80%-дан 91%-ға дейін өсті. Мемлекеттік қызметтердің 96%-ы смартфон арқылы қолжетімді.
  • Қолма-қол ақшасыз төлемдер. Қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 14 есеге өсіп, 13,3 трлн теңгеден 186,3 трлн теңгеге жетті.
Президент инфографика.jpeg
Сурет: Ақорда
24 қыркүйек 2026 ж. 36 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930