Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Соңғы 7 жылда жалпы ішкі өнім 29% артып, 306 миллиард долларға жетті – Қ.Тоқаев

Соңғы 7 жылда жалпы ішкі өнім 29% артып, 306 миллиард долларға жетті – Қ.Тоқаев

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 11:28Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясындағы сөзінде жеті жылда Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік саласында бірқатар көрсеткіштің өскенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің сөзінше, осы кезеңде ел азаматтары жүргізілген реформалардың нәтижесін көріп отыр.
"Соңғы 7 жылда жалпы ішкі өнім 29 пайызға артып, 306 миллиард долларға жетті", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы алтын-валюта резерві мен Ұлттық қор активтерінің көлемі 138 миллиард доллардан асқанын атап өтті. Оның айтуынша, осы кезеңде Қазақстан экономикасына 162 миллиард доллардан астам инвестиция тартылған.
Сонымен қатар шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайыздан асқан.
Тоқаев тұрғын үй құрылысына да тоқталды. Оның мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынады.
Білім беру саласында 2019 жылдан бері 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынған.
Президент азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жеткенін айтты. Сондай-ақ осы кезеңде 1200-ден астам денсаулық сақтау нысаны ашылған.
Инфрақұрылым саласында 35 мың шақырымнан астам автомобиль жолы салынған және жөнделген.
"Мұның бәрін тарихымыздағы ең жоғары көрсеткіш деуге болады", – деді Мемлекет басшысы.
Тоқаевтың айтуынша, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 елдің қатарына енген.
24 қыркүйек 2026 ж. 24 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930