Ауа райы: Бүгін республиканың басым бөлігінде жаңбыр болады
Республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман, күндіз найзағай болады, Солтүстік-Қазақстан облысында дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, түнде тұман болады, күндіз жел 18 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе, түнде Атырау облыстарында найзағай болады. Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.
Алматы, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.
Қызылорда облысында, Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.