Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бір жылдың ішінде ұлт тағдырына ықпал ететін маңызды оқиғалар болды–президент

Бір жылдың ішінде ұлт тағдырына ықпал ететін маңызды оқиғалар болды–президент

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 11:20Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында конституциялық реформадан кейін елде болған өзгерістерге тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Конституцияны Әділетті, Озық, Таза Қазақстанның мызғымас арқауы деп атап, реформа нәтижесінде заң шығарушы орган – Құрылтайдың алғашқы сайлауы өткенін айтты. Оның сөзінше, Құрылтайға халық қолдаған бес партия кірді.
"28 тамыз күні депутаттар өз жұмысына кірісті. Үкіметтің жаңартылған құрамы жасақталды. Вице-Президент тағайындалды. Жаңа мемлекеттік мекеме – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылды. Міне, бүгін Қазақстан Халық Кеңесі де өз қызметін бастап отыр", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл өзгерістердің тарихи мәнін атап өтті.
"Түптеп келгенде, бір жылдың ішінде ұлт тағдырына тікелей ықпал ететін аса маңызды оқиғалар болды. Біз аз ғана уақытта тұтас мемлекет пен бүкіл қоғамның сипатын өзгерткен аса ауқымды реформаларды сапалы жүзеге асырдық", – деді Мемлекет басшысы.
24 қыркүйек 2026 ж. 22 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930