Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбек азаматтары лас жерде самса пісірген (видео)

Өзбек азаматтары лас жерде самса пісірген (видео)

Атырау облысының Құлсары қаласында Өзбекстан азаматтары санитарлық жағдайы сын көтермейтін үйде нан мен кәуәп пісіріп, сатып отырған деп хабарлайды Атырау арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Атырау облысының Жылыой ауданының Құлсары қаласында ішкі істер бөлімінің "Участке" атты іс-шарасы кезінде ескі 2-ші ықшам ауданында нан өнімдері мен кәуәп дайындап сатумен айналысатын кәсіптік мекеме анықталған.
Тұрғын үйдің бірнеше бөлмесі асханаға айналған екен. 10 өзбек азаматы сол жерде ас дайындап, ұйықтағаны белгілі болды.
Шетелдік азаматтар бір бөлмеде кәуәп етін дайындап, екінші бөлмеде бірнеше ыдыста нан ашытады екен.
Өзбек аспаздары мұнда түнде самса, бәліш, түрлі нан өнімдерін дайындаған. Дайын өнімдерді таңертең қаладағы сауда орындары мен дүкендерге мекеме қожайыны таратылып отырған.
Ас дайындайтын жер өте лас, санитарлық талаптарға сай емес. Жан-жақта жуылмаған ыдыс пен ас қалдықтары толып жатыр.
"Өзбек азаматтары Жылыой аудандық ішкі істер бөлімінің көші-қон полициясына жеткізілді. Шетелдік азаматтардың заңдылығын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр" ,- деді участкелік полиция инспекторы Елдос Наржанов.
Тазалығы мүлде талапқа сай емес кәсіпорынды құзырлы органдар қатаң тексеретін болады.
25 қазан 2018 ж. 1 388 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930