Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорданың түйелері Біріккен Араб әмірліктеріне экспорттала бастады

Қызылорданың түйелері Біріккен Араб әмірліктеріне экспорттала бастады

Қызылордалық түйелер Біріккен Араб Әмірлігіне экспорттала бастады. Бұл - нар мен қос өркешті түйелерді будандастыру нәтижесінде алынған түйе тұқымы.
Араб түбегінде ойсылқара тұқымына сұраныс жоғары. Аталмыш аумақтағы табиғи жағдай қатал. Онда күн аптап ыстық. Айнала - сусыз шөл дала. Осыған байланысты жергілікті жұрт сүт және ет бағытында түйе өсіруді көздейді. Мұндай түйе тұқымы біздің елімізде көп кездеседі. Осы мақсатта араб кәсіпкерлері әлемнің бірнеше мемлекетінде болған. Бәрін таразылай келе, Сыр өңірі түйелерінің өздеріне қолайлы екеніне көз жеткізген.
«Олар бірінші кезекте 45 ойсылқара тұқымын сатып алуға тоқтам жасап отыр. Сол мақсатта арнайы ұшақ та жалдаған. Жыл соңына дейін тағы 100 түйе әуе кемесі арқылы Араб түбегіне жол тартады. Сондай-ақ, олар Сыр өңірінен 1000 бас қой түлігін де ала кетпек»,-дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов.
Алғашқы жарты жылдықта облыстан сыртқа шығарылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің құны 18 млн АҚШ долларынан асқан. Экспорттық әлеует былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 3 пайызға өскен.
«Соңғы жылдары облыста ет экспорты артып келеді. Мәселен, Шымкент қаласындағы ет комбинаты арқылы 1600 бас қой етін Иранға жібердік. Сол ет комбинаты арқылы тағы 3000 бас қой етін экспортқа шығаруды жоспарлап отырмыз», - дейді Пірмұхаммед Сыздықов.
Қызылордада Иранға күріш экспорттау ісі жолға қойылған. Осы мақсатта Сыр диқандары ирандық күріш сорттарын өсіре бастады. Сондай-ақ, ет экспорты бағытында да бірқатар жобалар қолға алынды.
21 қазан 2018 ж. 1 307 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031