Терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізілді
Бүгін Әйтеке би кентіндегі Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығының ғимаратында экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алуға бағытталған оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығуға аудандық жедел штаб мүшелері мен жеке құрамы толық құрамда және арнайы техникалар жұмылдырылды.
Оқу-жаттығу барысында құзырлы органдардың оқиғаны алдын алу және салдарымен күресу кезіндегі өзара іс-әрекеттеріне ерекше мән берілді. Ұрыс алаңына барлау және бақылау жүргізу жұмыстарымен қатар оқыс оқиғалар мен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тиісті шаралар қажетті уақытында ұйымдастырылды.
Жаттығу қорытындысы бойынша арнайы топтың жедел әрекетінің нәтижесінде кепілге алынған азаматтар босатылып, қауіпсіз аймаққа көшірілді. Күдікті тұлғалар дер кезінде түгел құрықталды.
Шара барысындағы әрекеттерден тұрғындарға үрей туғызбау үшін дыбыс күшейткіш құралы арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі