Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұңғыш Президентке кәсіпкерлерден алғыс

Тұңғыш Президентке кәсіпкерлерден алғыс

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы еліміздің барлық бизнес-қауымдастығы атынан отандық кәсіпкерлікке танытып отырған әр қолдауыңызға аса құрмет пен шексіз алғысымызды білдіруге рұқсат етіңіз!

Егемендігімізді алып, мемлекетімізді көркейтіп, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енгізу жолындағы жасалған әр сындарлы қадам - Қазақстанның Тұңғыш Президентінің еншісінде екені сөзсіз. Бұл жолдағы жеткен әр жетістікке тек еліміз ғана емес, барша әлем куә.

Экономиканы дамытудағы алғашқы қадамдар, ауқымы кең қажетті реформалар - мұның барлығы бүгінгі көрсеткіштерге жету жолындағы Сіз қабылдаған салиқалы шешімдердің нәтижесі. Елге жаңа бағыт-бағдар беру, кеңестік дәуірден кейінгі алғашқы жылдары нарықтық экономикаға сүрінбей өту үлкен қажырлықты қажет еткен батыл қадамдар.

Кәсіпкерлікке бет бұру, осы бағытта халыққа барынша қолдау көрсетіп, бизнестегі алғашқы қадамдарға жол ашқан мемлекеттік бағдарламаларды қабылдауға қатысты әр қолдауыңызды ризашылықпен қабылдадық. Бұл бағдарламалардың барлығы іскерлік ахуалды жақсартып, елімізге инвестиция тартып, жеке кәсібін ашқысы келген азаматтар санын арттыруға септігін тигізді. Тәуелсіздік жылдары елімізде мыңдаған жаңа кәсіпорын мен бизнес-жобалар іске қосылды. Миллиондаған азаматтар жеке кәсібін ашып, тұрақты табыс көзін қамтамасыз етті.

Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің бастамаңызбен Қазақстанда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылды. Осылайша отандық кәсіпкерлердің ортақ шаңырағына айналып, әлемдік нарықта ел бизнесінің тең дәрежеде өзін танытуына бар мүмкіндіктер жасалды.
Сіздің ұстанған сындарлы саясатыңыздың арқасында елімізде кәсіпкерлікпен айналысамын деген азаматтарға теңдесіз мүмкіндіктер жасалып, Қазақстанның бизнеске қолайлы жағдайды қалыптастырғаны еленіп, әлемдік Doing Business рейтінгісінде алдыңғы отыз елдің қатарына енді.

Бүгінде елімізде 1,2 миллионнан астам кәсіпкер бизнесін жүргізуде. Бұл ең алдымен Сіздің жүргізген экономикалық реформаларыңыздың нәтижесі!

Қарапайым металлургтан басталған еңбек жолыңыз баршамызға еңбекке деген адалдықты, Отанға деген құрметті дәріптейтін баға жетпес үлгі! Бір ғана Сіздің өмір жолыңыз миллиондаған отандастарымыздың жарқын болашаққа, өзінің қабілеті мен мүмкіндігіне деген сенімін еселей түстетінін атап өткіміз келеді.



Біз, Қазақстан кәсіпкерлері, еліміздің даму бағыты Сіз салған сара жолмен жүретініне сенімдіміз. Кез келген үлкен істің қалай дамитынын алғашқы қадамдар айқындайды. Кез келген мемлекеттің экономикасы оның бизнесінің дамуымен тікелей байланысты. Ал бизнестің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін еліміздегі басты тұғырды Сіз қалап бердіңіз!

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, бизнес-қауымдастық Сіз артқан міндеттерді, қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін толық сезінетінін, Сіз анықтап берген елдің стратегиялық мақсаттарын орындауда бар күш-жігерін салатынын айтқымыз келеді.

Сізге зор денсаулық, барлық ісіңізге сәттілік пен ұзақ ғұмыр тілейміз! Сіздің өмірлік тәжірибеңіз бен даналығыңыз Қазақстанның әрі қарай өркендеуіне cерпін беретініне нық сенімдіміз!
Аса құрметпен,
Қазақстан Республикасының
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
20 наурыз 2019 ж. 896 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031