Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Компрессорлық станция – көптің игілігіне

Компрессорлық станция – көптің игілігіне

Осы аптада “Бейнеу-Бозой-Шымкент” магистральды газ құбырының қуаттылығын арттыру жобасын аяқтайтын “Қорқыт Ата” компрессорлық станциясы өз жұмысын бастады. Газ тасымалдау жүйесінің маңызды нысанын іске қосу Мемлекет басшысының елдің оңтүстік өңірлерін көгілдір отынмен тұрақты қамтамасыз ету бойынша тапсырмасын орындау шеңберінде жүзеге асырылды. “Қорқыт Ата” компрессорлық станциясы “ҚазТрансГаз” АҚ қаражаты есебінен қаржыландырылып, қысқа мерзім ішінде салынған, соңғы екі ай бойы жұмыс істеп келе жатқан үшінші жоғары технологиялы станция болып табылады.

«Қорқыт Ата» компрессорлық станциясының ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Мұрат Ергешбаев құттықтау сөз сөйлеп, стратегиялық нысанның маңыздылығына тоқталды. Мұнан соң салтанатты шараға арнайы келген «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директорының орынбасары Мұхатай Шаңбатыров, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының директоры Талғат Қызылбаев станцияның ішкі құрылымын аралап, жұмысымен танысты.
Ақсуат ауылындағы «Қорқыт Ата» компрессорлық станциясы жұмысының басталуымен “Бейнеу-Бозой-Шымкент” магистральды газ құбырының өткізгіштік қуатын жылына 10 млрдтан 15 млрд текше метрге дейін арттыру бойынша ірі инвестициялық жобаны іске асыру аяқталды. Компания өкілдері 5 млрд текше метр газ елдің оңтүстік өңірлерін көгілдір отынмен толығымен қамтамасыз ететінін айтып отыр.
Енді “Бейнеу-Бозой-Шымкент” газ құбырының бойындағы инвестициялық жоба аясында Түркістан және Қызылорда облыстарының аумақтарында үш компрессорлық станция жұмыс істейді. Бұдан бұрын “Арал” мен “Түркістан” компрессорлық станциясы өткен жылдың соңында пайдалануға берілді.
“Бейнеу-Бозой-Шымкент” газ құбыры тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі құбыр жобасы. Бұл мемлекетіміздің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Магистральды газ құбырының арқасында оңтүстік облыстарға табиғи газды тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету, елдің бірыңғай газ тасымалдау жүйесін құру және сыртқы нарыққа қазақстандық газ экспортын арттыру тәрізді міндет нақты шешімін тауып отыр.
Ел игілігіне арналған маңызды нысанның ашылуына Ақсуат ауылының тұрғындары ерекше қуанышты. Себебі бұл жерде ондаған жергілікті адам еңбек етіп, отбасын асырау мүмкіндігіне қол жеткізді.
– “Елде болса ерінге тиеді” деп ата-бабаларымыз бекер айтпаған. Ауыл маңындағы кәсіпорында 30-дан аса тұрғын тұрақты жұмыс істесе, 10 адам уақытша еңбек етіп жатыр. Табыстары да жаман емес. Мәселен жүргізуші болып еңбек ететін азаматтар 100 мыңнан жоғары жалақы алады. Бұл нысан толық іске қосылған күні тағы да бірнеше жұмыс көзі шығады деп жоспарлап отырмыз, – дейді Майлыбас ауылдық округінің әкімі Қаныш Жұбатқан.
Айта кетуіміз керек, Елбасының қолдауымен басталған ірі стратегиялық маңызы бар “Бейнеу-Бозой-Шымкент” магистральды газ құбыры Сыр еліне зор мүмкіндік берді. Облыс аумағынан өтетін 846 шақырымдық газ құбыры Қызылорда облысын газдандыруға жол ашты.
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ
02 ақпан 2019 ж. 2 333 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 26

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 28

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 26

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 24

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031