Қазалыда RestoBar ашылды
Тәуелсіздік мерекесінде Қазалы ауданында жаңа нысан бой көтерді. Аудан басшысы М.Ергешбаев жеке кәсіпкер Әзілхан Жәмиланың «Baqdaulet» RestoBar нысанының ашылу салтанатына қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
«Елбасы әрдайым кәсіпкерлік саласына баса назар аударып, жеке кәсіпкерлерді үнемі қолдап келеді. Елімізде кәсібін ашамын, жеке кәсібімді бастаймын деген кез келген тұрғынға жағдай жасалған. Облыс басшысы Қ.Көшербаев 2018-2020 жылдарды Өңірдегі жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы деп жариялауы да соның айқын айғағы.
Халықтың қуанышына ортақтасып, аудан жұртшылығына қызмет жасауды мақсат тұтқан ұжымның жұмысына береке тілеймін», - деді аудан басшысы өз сөзінде.
Салтанатты шарада аудан әкімі М.Ергешбаев, облыстық мәслихат депутаты И.Тілеп, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бекбанов жаңа нысанның лентасын кесті.
Айта кетуіміз керек, жеке кәсіпкер Жәмила Әзілхан «Мелиоратор» ықшам ауданынан 10 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жобаның жалпы құны 40 млн теңгені құрайды, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы субсидияланған несие – 20 млн теңге, жеке қаражаты – 20 млн теңге. 230 адамға арналған «Baqdaulet» RestoBar нысанының 1 қабатында 100 адамға арналған зал, 2 қабатында 100 адамға арналған зал және 30 адамға арналған караоке-бөлмесі бар.
Е.ТАБЫНБАЕВ