Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұман, қар және көктайғақ: 7 наурызда ауа райы қандай болады?

Тұман, қар және көктайғақ: 7 наурызда ауа райы қандай болады?

Тұман, қар және көктайғақ: 7 наурызда ауа райы қандай болады?Фото: depositphotos.com
Қазгидромет 7 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Қазақстанның солтүстігі мен орталығында қар, көктайғақ және бұрқасын болжанады. Оңтүстік пен шығыста - құбылмалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр, қар және тұман болады.
Батыста күн бұлтты болып, кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ және тұман болуы мүмкін.
Астана - құбылмалы бұлтты, түнде аздаған қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 аяз, күндіз 1 аяздан 1 жылуға дейін.
Алматы - құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), жолдарда көктайғақ. Кей уақыттарда тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 3-8 м/с, кей жерлерде екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 1 аяздан 1 жылуға дейін, күндіз 7-9 жылу.
Шымкент - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 12-14 жылу.
Түркістан - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 11-13 жылу.
Қонаев - құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жолдарда көктайғақ. Кей уақыттарда тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 9-14 м/с, кей жерлерде екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 7-9 жылу.
Талдықорған - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 аяз, күндіз 5-7 жылу.
Қызылорда - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман. Оңтүстіктен соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 аяз, күндіз 10-12 жылу.
Тараз - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман, түнде көктайғақ. Солтүстік-шығыс желі оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 1 аяздан 1 жылуға дейін, күндіз 13-15 жылу.
Ақтау - құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр. Солтүстік-батыстан соғатын жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 жылу, күндіз 8-10 жылу.
Атырау - бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыс желі солтүстік-батысқа ауысады, түнде 1-6 м/с, күндіз 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 3-5 жылу.
Орал - бұлтты, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде де, күндіз де 3-5 аяз.
Ақтөбе - бұлтты, түнде ара-тұра қар, күндіз ара-тұра жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Оңтүстік-батыс, батыс желі 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 аяз, күндіз 0-2 жылу.
Қарағанды - құбылмалы бұлтты, түнде қар, бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 аяз, күндіз 0-2 аяз.
Жезқазған - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 аяз, күндіз 3-5 жылу.
Қостанай - бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 аяз, күндіз 0-2 аяз.
Көкшетау - құбылмалы бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 аяз, күндіз 1 аяздан 1 жылуға дейін.
Петропавл - бұлтты, түнде қар, боран, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (негізінен қар), бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с дейін. Ауа температурасы түнде 11-13 аяз, күндіз 0-2 аяз.
Павлодар - құбылмалы бұлтты, түнде аздаған қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 аяз, күндіз 0-2 жылу.
Семей - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 аяз, күндіз 0-2 жылу.
Өскемен - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 аяз, күндіз 1-3 жылу.

07 наурыз 2026 ж. 245 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930