Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл басынан бері 31 коллекторлық агенттіктің қызметі тоқтатылды

Жыл басынан бері 31 коллекторлық агенттіктің қызметі тоқтатылды

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2022 жылдың басынан бастап коллекторлық агенттіктердің қызметін реттеу мен бақылауды жүзеге асыруы шеңберінде коллекторлық агенттіктердің тізілімінен 31 коллекторлық агенттік шығарылды, деп хабарлайды baq.kz.
Тізілімнен шығаруға:
26 коллекторлық агенттік бойынша: коллекторлық агенттіктің өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешімі («Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес);
5 коллекторлық агенттік бойынша: коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізілген күннен бастап қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде коллекторлық қызметті жүзеге асырмауы негіз болды.
Тізілімнен шығару туралы хабарламаны алған сәттен бастап коллекторлық агенттіктерге берешекті өндіріп алу туралы жаңа шарттар және (немесе) банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша коллекторлық агенттікке құқықтың (талаптың) өту талаптарын қамтитын шарттар жасасуға тыйым салынады.
Санкциялар қолданылған коллекторлық агенттіктер бойынша барынша жан-жақты ақпаратпен мына сілтеме бойынша танысуға болады: «Коллекторлық агенттіктер».

19 қазан 2022 ж. 556 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031