Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда несие мен депозиттің пайыздық мөлшерлемелері өзгереді

Қазақстанда несие мен депозиттің пайыздық мөлшерлемелері өзгереді

Фото: Pexels.com
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанда несие, депозит мөлшерлемелері базалық мөлшерлеме мен инфляцияның төмендеуіне байланысты біртіндеп өзгеретінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналистер брифингте Сүлейменовтен инфляцияның төмендеуі қазақстандықтардың өміріне қалай әсер етуі мүмкін екенін сұрады.
"Бұл, әрине, ауқымды сұрақ. Егер базалық мөлшерлеме бір пайызға төмендесе, ол бірден әрқайсымыздың өмірімізге тікелей әсер етеді деу қиын. Әдетте базалық мөлшерлеменің өзгеруінен кейін бизнес пен халыққа берілетін несиелердің мөлшерлемелері де өзгереді. Бірақ сонымен қатар депозиттер бойынша мөлшерлемелер де өзгереді. Яғни экономикадағы ақша құны төмендейді", — деді ол.
Сүлейменовтің айтуынша, банктердің қаржы тарту шығыны азайған сайын нарықтағы несие және депозит шарттары да біртіндеп өзгереді.
"Несие рәсімдеуді жоспарлаған азаматтар мен кәсіпкерлер уақыт өте келе пайыздық мөлшерлемелердің төмендей бастағанын байқайды. Ал депозит иелерінің кірісі де біртіндеп азаяды. Бұл – қалыпты үрдіс. Өйткені депозиттер банктердің негізгі қаржыландыру көзі саналады. Қаржы тарту құны арзандаған сайын банктер де несиені төмен мөлшерлемемен ұсына алады", – деп қосты Ұлттық банк төрағасы.
Сүлейменов базалық мөлшерлеменің төмендеуі қысқа мерзімде айтарлықтай өзгеріс әкелмейтінін айтты. Оның сөзінше, бұл шешімнің басты нәтижесі – инфляцияның бәсеңдеуі.
"Базалық мөлшерлеменің бір пайыздық тармаққа төмендеуінің әсері бірден сезіле қоймайды. Алайда біз үшін ең маңызды көрсеткіш – инфляцияның төмендеуі. Қазір оның деңгейі 12-13 пайыздан 10,4 пайызға дейін түсті. Бұл – оң нәтиже. Дегенмен инфляцияны тұрақтандыру бағытындағы жұмыс әлі де жалғасады", – деп қосты Сүлейменов.

05 маусым 2026 ж. 42 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930